Тек сүйемін, бүгін сені, сыртыңнан

Айгүл Сағымбайқызы March 19, 2014
331
1
2
0

Тек сүйемін бүгін сені сыртыңнан, жауапсыз махаббат, жауапсыз сезім, бейне поэзия, поэзия, өлең, оқу, көру, жүктеу

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Тек сүйемін, бүгін сені, сыртыңнан,

Ұзақ қарап, талай жүрдім, артыңнан.

Сен сүймесең, мен сүйемін, бұл ғажап,

Саған айтсам, қандай болар, бұл жауап.

 

Қайтейін, мендегі барым, бір арман,

Адамдар, сүю үшін, жаралған.

Мен үшін,  сен қол жетпес, бақытсың,

Қуанамын, ардағымсың, сен жаным.

 

Сыйлай алсам, сыйлар едім, бар бағын,

Бұл өмірдің сыйлар едім, бақ тағын.

Сыйлар едім, махаббатта, көк жауын,

Сыйлар едім, сұлулықтың, барлығын.

 

Айта алмаймын, мен сырымды, бұлығам,

Сені ойлап,көзімді ілмей, мен жатам.

Кінәләймін, тек өзімді, талпынам,

Бар сырымды, саған қалай, аша алам.

 

Кінә жоқ қой, жаным – ау, мен қайтейін,

Айта алмадым өзіңе, бата алмадым.

Қалды есімде, сұлу келбет, сол барым,

Өрт сезіммен, арпалысып, мен қалдым.

Оцените пост

2

Комментарии

0
"Тек сүйемін, бүгін сені, сыртыңнан" атты бейнепоэзиясын осы сілтеме арқылы көре аласыздар: kaztube.kz
Показать комментарии