Астанада «Жыл басы — Наурыз» мерекелік шарасы өтпек

МК РК 2014 M03 19
402
0
0
0

ҚазАқпарат, 18.03.14 22 наурыз күні Астана  қаласы Есіл ауданындағы «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің алаңында  «Жыл басы - Наурыз» атты  мерекелік  іс-шара өтеді, деп...

ҚазАқпарат, 18.03.14

22 наурыз күні Астана  қаласы Есіл ауданындағы «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің алаңында  «Жыл басы - Наурыз» атты  мерекелік  іс-шара өтеді, деп хабарлайды шараның ұйымдастыру алқасы.

Іс-шара барысында театрландырылған көріністер, мерекелік қойылымдар, өнер майталмандарының дайындаған  концерттік бағдарламасы,  ата-бабадан жеткен халқымыздың жоралғылары мен дәстүрлерін дәріптеу шаралары, қолөнер көрмесі және  ұлттық спорттық ойындар өткізіледі.

Наурызды тамашалауға келген қонақтар ұлттық ойындарда бақ сынасып, әр түрлі байқауларға қатыса алады. Атап айтар болсақ, «Наурызым - нұрлы ырысым»  наурыз көжелер байқауы, «Жарқыраған жас нұрлы, Жаса, Наурыз дәстүрлі» атты ең тәтті самаурын шайы, «Киім пірі - кимешек» ұлттық киімді нақыштайтын әжелер байқауы,  «Бұрымды қыз» байқауы, «Төрлет, әз - Наурыз!»  жас айтыскер-ақындар сайысы,  «Ас атасы - нан» атты ең тәтті бауырсақтар  сайысы, «Аталар сөзі - ақылдың көзі» мектеп оқушылары арасында мақал-мәтелдер жарысы, үй шаруаларына пысық жас келіндер байқауы және т.б. тақырыптарда  қызықты сайыстар ұйымдастырылады.

Байқау жеңімпаздары түрлі сыйлықтар мен марапаттауларға ие болады.

 

Оцените пост

0