Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:27, 19 марта 2014

ҚР Қорғаныс министрлігі: әлеуетті органдарда заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі дөңгелек үстел

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында ҚР Қарулы Күштері, сот және құқық қорғау органдарының заңдылықты қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылды жақсарту тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті

Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың жедел-стратегиялық кеңесте қойған тапсырмаларын іске асыру мақсатында Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында ҚР Қарулы Күштері, сот және құқық қорғау органдарының заңдылықты қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылды жақсарту тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Кеңеске ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым, ҚР Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадинов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев, ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев, ҚР гарнизондары әскери соттарының төрағалары, Алматы гарнизоны құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР Қарулы Күштері, сот және құқық қорғау органдарындағы жемқорлық көріністерді азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу мен оны іске асыру, мемлекеттік сатып алулар, тұрғын үй қатынастары, курсанттардың оқуына кеткен бюджет қаражатын өтеу саласында заңдылықты сақтау мәселелерін талқылады.

Кеңестен соң осындай жиналыстарды тұрақты негізде өткізіп тұруға және ҚР Қарулы Күштеріне, сот және құқық қорғау органдарына бірқатар ұсынымдар әзірлеу ұсынылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
384
0