Қазақстан Президенті кубогының үздік дизайніне байқау жарияланды

Kazsport agent 2014 M03 19
141
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан Теннис федерациясы мен Чехияның Lasvit компаниясы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды. Ынтымақтастықтың басталуына Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан Теннис федерациясы мен Чехияның Lasvit компаниясы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды. Ынтымақтастықтың басталуына Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы студенттері арасында Теннистен өтетін халықаралық турнирдің — Қазақстан Президенті кубогының үздік дизайніне арналған байқау өткізу түрткі болды.

ҚР Теннис федерациясының ақпаратына қарағанда, Қазақстан Президенті кубогы жылсайын әлемнің 20 елінің үздік теннисшілерінің басын қосады. Сайыстың жүлде қоры да Азия аумағында ең қомақы  болып есептелінеді.  Турнирдің жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайды.

Байқауға ұсынылатын жобалар ағымдағы жылдың 18 сәуіріне дейін табыс етілуі тиіс. Үздік үштіктің есімдері 28 сәуірде белгілі болады. Ал байқау жеңімпазы Чехиядағы Lasvit зауытында болып, кубоктың дайындалуына тікелей атсалысады.

   
Басты сөздер: Спорт
 

Оцените пост

0