Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:08, 19 марта 2014

«Ганновердің» бұрынғы футболшысы «Астанаға» келуі мүмкін

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — Болгариялық басылымның хабарлауынша, Чавдар Янков таяу арада елордалық клубтың ойыншысы атануы мүмкін. Болгария құрамасының 29 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы Қазақстаннан бүгінде жерлесі Атанас Курдов өнер көрсетіп жүрген «Астана» футбол клубына келу туралы ұсыныс алған, деп хабарлайды Vesti.kz.

Янков Болгарияның қазіргі чемпионатында «Славия» құрамында 16 матч өткізіп, төрт гол салған. Жас футболшы спорттық мансабының басым бөлігін Германияда өткізіп, «Ганновер» мен «Дуйсбург» командаларында өнер көрсеткен. Жалпы,ол  Болгария құрамасында 39 матчқа қатысты.

Айта кетерлігі, «Астана» футбол клубының бас жаттықтырушысы Григорий Бабаян жаңа ойыншылар қабылданбайтынын және командадағы жеті легионердің орны толық екенін айтқан болатын. Бұған қоса, қазір клуб Қазақстан азаматы атанғысы келетін серб спортшысы Ненад Эричтің азаматтық мәселесін шешіп жатыр.

 
Басты сөздер: СпортАстана
 
0
291
0