УЕФА мен ФИФА «Газпромның» Еуропадағы футбол клубтарына ықпалын шектеуі мүмкін

Kazsport agent 2014 M03 19
190
0
0
0

Жексенбі күні Қырым тұрғындарының Ресейге қосылуына байланысты дауыс беру өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша, дауыс бергендердің 97% -ы идеяны қолдады. Бірақ, батыс елдері бұл саяси жағдайға...

Жексенбі күні Қырым тұрғындарының Ресейге қосылуына байланысты дауыс беру өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша, дауыс бергендердің 97% -ы идеяны қолдады. Бірақ, батыс елдері бұл саяси жағдайға көңілдері толмай, референдумды ешқашан мойындамайтындығын айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

The Telegraph басылымының хабарлауынша, УЕФА мен ФИФА Ресейдің мұндай қадамы үшін түрлі шаралар қолдануы мүмкін. Атап айтар болсақ, бұл ұйымдардағы футбол шенеуніктері 2018 жылғы Ресейде өтетін әлем біріншілігінен бас тартуы ықтимал.

Сонымен қатар «Газпром» компаниясы демеушілік ететін шығыс Еуропа клубтарын УЕФА аясында өтетін турнирлерден шеттетуі мүмкін. Мысал ретінде «Газпром» компаниясымен келісім-шарты бар германиялық «Шальке» командасы айтылуда.

Еуропарламент бұл команданың жетекшілеріне Бундеслиганың 25 туры аясындағы «Аугсбургқа» қарсы кездесуде жейдесіндегі «Газпром» компаниясының жарнамасын алып тастауды сұраған. Бірақ, команда жетекшілері компаниямен нақты келісім-шарт жасалғандықтан, алып тастауды жөн көрмеді.

Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Спорт
 

Оцените пост

0
Дальше