Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:57, 18 марта 2014

СҚО полицейлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді.

СҚО полицейлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. «BNews.kz», 19.03.2014ж.
Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 17-19 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Шараға 966 полиция қызметкері, жүзден астам әскери қызметшілер мен 74 полицияның қоғамдық көмекшілері тартылған. Олар наурыз мерекесі қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс атқарады.

«Шараның алғашқы күнінде 533 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 45-і ұсақ бұзақылық, 255-і қоғамдық орындарда ішімдік ішу фактісі. Сонымен қатар ішімдік ішіп көлік басқарған 15 жүргізуші ұсталды, бір жүргізуші есірткі затын қабылдап көлікке отырған, 18-і жылдамдықты шамадан тыс асырған. Көші-қон полициясы мен учаскелік инспекторлар еліміздің көші-қон заңнамасының бұзылуына қатысты 50 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады», - деді департаменттің баспасөз қызметінің өкілі О.Шиян.

СҚО ІІД басшысының орынбасары полиция полковнигі Серік Ыдырысов полиция қызметкерлері мереке күндері қоғамдық қауіпсіздіктің қатаң сақталуы үшін күшейтілген режимде жұмыс істейтінін атап көрсетті.

0
259
0