Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:51, 18 марта 2014

ШҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.

ШҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. «BNews.kz», 19.03.2014ж.
ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып «Жолда қабылдау» акциясын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Акцияға қатысушылар «Өскемен - Самар-Күршім» бағдары бойынша микроавтобуспен Кокпекті және Күршім аудандарына жолға шықты. «Жолда қабылдау» мобильді тобын ШҚО ІІД ӘПБ бөлімінің басшылығы мен «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков басқарды», - деп көрсетілген хабарламада.

Осы шараға облыс бойынша «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінін 35 өкілі, 35 ішкі істер органдары ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко ауыл тұрғындарына ағымдағы жылдан бастап «Өскемен-Самар» сияқты облыстық автожолдардында автопатурльдер жұмыс істей бастағанын айтты. Осыған дейін жол-патрульдік полициясы бастальоны республикалық маңызды жолдарда ғана қызмет ететін.

Күршім ауданының тұрғындары жергілікті полиция бөліміне тіркеу-емтихан бөлініс қызметкерін енгізуді сұрады. Полиция өкілдері аталған ұсынысты қарастыратынын айтты.

Акцияны өткізу барысында әкімшілік полициясының кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды, онда мамандар жол козғалысының қауіпсіздігін камтамасыз ету және сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес бойынша тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындарды қызықтырған сауалдардың көбі қазір Парламентте қарастырылып жатқан «жол жүрісі туралы» заңға қатысты қойылды. Барлығы акция барысында ШҚО тұрғындарынан 157 өтініш түсті.

Акцияны өткізу барысында әкімшілік полициясы кызметкеі туралы азаматтармен сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 1021 респондент қатысты, оларға парақшалар мен жаднамалар ұсынылды.

0
242
0