Жаратқан Аллам «Тәубе деп, басайық, әр қадам» (Аудио өлең)

Жаратқан Аллам, Тәубе деп басайық әр қадам, иманшылық, ислам, діни, бейне поэзия, аудио поэзия, аудио поэзия, өлең, көру, тыңдау, жүктеу

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Кінәлауға, біреуді, сен асықпа,

Сынаймын деп, кінәләрін санама.

Қайдан білдің, жүрегінде мың жара,

Удай ашып, тұрған шығар, жылауда.

 

Мұңын шағып, жылап саған, келгенде,

Итерме оны, тыңда, сен күлме.

Жұбата алсаң, жұбат оны сенімде,

Теріс бұрылып, қолды сілтеп, сен кетпе.

 

Бәрімізде, бір Аллаға сенеміз,

Көмек сұрап, жаратқанға, келеміз.

Біз жылаймыз, жасырқаймыз, пендеміз,

Жақсы болсақ, ұмытамыз, кетеміз.

 

Сүйген құлына, сынақ береді, Алламыз,

Шыдай алмай, біз қалжырап, жатамыз.

Айтушы еді, біздің ата – бабамыз,

Ұмытпаңдар, сенім бізге, ол парыз.

 

Қиындыққа, шыдау керек төзіммен,

Аз болсада, қанағат деп, сабырмен.

Біреу жатар, сененде кем, үйімен,

Күш қуаты, кетіп бүгін, жүдеумен.

 

Қарап тұрсаң, сененде кем, біреу бар,

Зағиптарда, саған қарап, мың айтар.

Сұрайды екен: «Мен өмірге, төзе алам,

қол, аяқты, бере гөрші, тек Аллам»

 

Бірақ себеп, жолды ашу, бүгін бар,

Бұл шыдамдық, сенімдегі армандар.

Сол иманда, барлық бақыт, сенсең бар,

Бір Алласыз, өмір түнге, оралар.

 

Күш қуатың, болып тұрып бойыңда,

Ұрып жықпай, ұрысқанды, сен тыңда.

Ауыр сөзді, сабырлықпен, жапқанда,

Ұмытылмас, атың қалар, жалғанда.

 

Байлықты, беріп бүреуге,

Талайды, Алла сынайды.

Жоқтықты, беріп біреуге,

Иманмен, жанын қорғайды.

 

Жаратқан Аллам бермейді,

Көтере алмас, сынақты.

Сенсең, желеп, жебейді,

Қолыңа төгіп, бақытты.

 

Алыстап, кетпейік Алладан,

Кетпесін, терең ой, санадан.

Жарықты көріп, жағадан,

Тәубе деп, басайық, әр қадам.


Оцените пост

0

Комментарии

0
"Жаратқан Аллам" аудио поэзиясын осы сілтеме арқылы тыңдай аласыздар: kaztube.kz
Показать комментарии
Дальше