«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында ең үздік әскери санитар атағы үшін сайыс өтті

МО РК March 14, 2014
287
0
0
0

Семей гарнизонындағы 44793 әскери бөлімінің базасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ең үздік санитар нұсқаушысы атағы үшін сайыс өткізілді. Сайысқа қатысушылар жаралыларға көмек көрсету бойынша...

Семей гарнизонындағы 44793 әскери бөлімінің базасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ең үздік санитар нұсқаушысы атағы үшін сайыс өткізілді.

Сайысқа қатысушылар жаралыларға көмек көрсету бойынша теориялық білімдері мен практикалық қабілеттерін ортаға салды.

Алдымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының түрлі әскери бөлімдерінен келген санитар нұсқаушылар мен фельдшерлер дәрігерлік көмек көрсетілгенге дейінгі жедел көмек көрсету бойынша, әскери-медициналық, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық және эпидемиялық іс-шараларға қатысты теориялық сұрақтарға жауап берді.

Практикалық бөлімде сайысқа қатысушылар арнайы Ш-4 белдіктерін қолдана отырып, бронды тасымалдаудан жаралыларды алып шығудан уақытқа сайысты.

2014 оқу жылғы үздік санитар нұсқаушы сайысының нәтижесі бойынша бірінші орынды 44793 әскери бөлімі медициналық пунктінің фельдшері аға сержант Айжан Арыстанбаева, екінші орынды 44793 әскери бөлімі медициналық пунктінің фельдшері Әсем Жарқынбаева жеңіп алды, үшінші орынға 40398 әскери бөлімі 1 мотоатқыштар батальонының фельдшері сержант Любовь Суслова лайық болды.

Сайыс қазіргі оқу жылының «Кәсіпқой маман – Армия негізі» ұранымен өтті. Жеңімпаздарға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының алғыс хаттары тапсырылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0