Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
02:11, 14 марта 2014

Депозитті кепілдендірудің 7 қағидасы

1) Кепілдендірілген депозит – депозитті міндетті кепілдендіру жүйесіндегі қатысушы-банктегі жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің кез келген депозиті мен банктегі шоты.

2) Мемлекеттік кепілдік бір банктегі жалпы соммасы 5 000 000 теңгеден аспайтын барлық шоттарға таралады.

3) 2013 жылдың 1 қазанына арналған депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қорының мәліметтеріне сәйкес, шоттардың 99,6%-ы 5 000 000 теңгеге дейінгі депозиттерді құраған.

4) Орта есеппен бір шотқа 180 мың теңгеден тура келеді екен.

5) Қазақстанда қазіргі уақытта ««Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ мен ««Астана-финанс» Банкі» АҚ қоспағанда 38 банк қызмет атқарса, солардың 36-сы депозитті кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

6) Кез келген жеке тұлға (Қазақстан азаматы немесе өзге ел азаматы болсын) немесе жеке кәсіпкер бір банктегі ең жоғарғы лимиттен аспайтын кепілдендірілген сыйақы – 5 000 000 теңгені құрайтын соммада өз қаражатын орналастырса, өзіндік қорланымының орнын толтыруға мемлекеттен толық кепілдік ала алады.

7) Салым ақшаларды кепілдендіру туралы толық ақпаратты «Депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қоры» АҚ-ның байланыс телефонынан 8 800 080-10-20 немесе www.kdif.kz сайтынан білуге болады.

Blog post image
*vlast.kz сайтынан аударылды

1
480
0