Полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді.

mvdgovkz 2014 M03 13
157
0
0
0

Полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді. «Baq.kz», 14.03.2014ж. Бүгін Астана қаласындағы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы «Жолдағы қабылдау» атты республикалық акциясын өткізді. Мақсат – жол...

Полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді. «Baq.kz», 14.03.2014ж.
Бүгін Астана қаласындағы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы «Жолдағы қабылдау» атты республикалық акциясын өткізді. Мақсат – жол қауіпсіздігі аясындағы жол-патрульдік полиция жұмысы бойынша азаматтарға кеңес және құқықтық көмек көрсете отырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамдық қабылдау акциясында азаматтардың арыз-шағымы мен өтініш, сауалдарына құлақ түргендер қатарында Әкімшілік полиция басқармасының мамандарымен бірге «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Марал Қуанышева да болды.

Күні бойы жалғасқан қабылдау аясында азаматтар және қала тұрғындарына мамандар сан түрлі кеңестер берді. Атап айтқанда, ірі сауда үйлері мен вокзал аясындағы алаңқайда, Астана қаласының шыға беріс қақпасы - «Шеп» бақылау постында, №2 автобус паркі мен арнайы ХҚКО (ЦОН) және Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандық ІІБ-де үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жүргізушілер жол-патрульдік полициясы патрульдік автокөліктерінде орнатылған «Поток» жүйесі арқылы деректер базасында ЖҚЕ бұзушылықтары бар-жоғын тексеру мүмкіндігіне ие болды.

- Бұдан жүргізушілердің ұтатыны сол - жылжымалы мүмкіндікке ие осындай қызметтеріміз арқылы олар уақыт үнемдей отырып, бірқатар жедел әрі жетілдірілген үлгідегі қызметімізді тұтына алады. Бұл біздің қызметкерлірміз үшін оңтайлы тәсілдердің бірі болып отыр, - дейді Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Елжан Шүпеков.

 

Оцените пост

0