Алматы облысының бас полицейі тұрғындардың шағымын тыңдады.

mvdgovkz 2014 M03 13
168
0
0
0

Алматы облысының бас полицейі тұрғындардың шағымын тыңдады. «BNews.kz», 14.03.2014ж. Бүгін Алматы облысының бас полицейі полиция полковнигі Мұрат Ұрымханов Көксу ауданының тұрғындарымен және...

Алматы облысының бас полицейі тұрғындардың шағымын тыңдады. «BNews.kz», 14.03.2014ж.
Бүгін Алматы облысының бас полицейі полиция полковнигі Мұрат Ұрымханов Көксу ауданының тұрғындарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Bnews.kz облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Тазабековаға сілтеме жасап.

Аудан тұрғындарымен емен-жарқын әңгіме өткізген облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы М.Ұрымханов кездесу барысында тұрғындардың полиция қызметі туралы пікірлерін біліп, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Полиция полковнигімен бірге кездесуге қатысқан Ішкі істер департаментінің қызмет басшылары да аудан тұрғындарын облыстағы қылмыстық ахуалмен таныстырып, оларды қылмыстың алдын алуға және орын алған қылмыстарды ашуға бір кісідей ат салысуға шақырды», - деді Г.Тазабекова.

Оның айтуынша, жуырда бас полицей Текелі қаласының, Ескелді және Қаратал аудандарының тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отыр.

   

Оцените пост

0