Талқандалған тағдырлар

Талқандалған тағдырлар, бомж, бомждар, бейне аудио поэзия, өлең, көру, тыңдау, жүктеу

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Талқандалған тағдырлар,

Бұл кім, бүгін ағайын?

Бөтен емес, туыстар,

Түсінеді, кім жайын?

 

Біреуі айтар, тағдыры,

Өз қолында, адамның.

Неден болды, ол сорлы?

Жауабы бар ма, бұл жанның?

 

Біреуін, сатты баласы,

Ие болып ақшаға.

Біреуін, сатты анасы,

Күн көрсетпей, балаға.

 

Аға алды, жағадан,

Мен ақылды, сенен деп.

Іні болды, айта алған,

Ағасына, сен кет деп.

 

Шын еңбегін, ақысын,

Сұраймын деп, біреуі.

Көрді зорлық, тек қысым,

Жоқ ертеңім деп, сөнді.

 

Баспанасы болмаса,

Қайда, қалай түнейді?

Басар тауы, жоқ болса

Жетімдікпен, жүдейді.

 

Түзете алмай жағдайды,

Ашынып, ішеді тағы арақ.

Ұмытсам деп, жылайды,

Қайдан келді, бұл шатақ?

 

Олда, адам баласы,

Бір Алладан, жаралған.

Болмады – ау, бүгін панасы,

Дала болды, бұйырған.

 

Енді ешкімге, сенбейді,

Дұрыс жолға, көнбейді.

Көтере алмас, деңгейді,

Бос өмірді, шаң дейді.

Арпалысып өмірмен,

Ол да түнде, жылайды.

Болса екен, өмір үйіммен,

Деп Алладан, сұрайды.

 

Осылай жүріп, бір күнде,

Тәлкегкке шаршап, шыдамай.

Сарқылып, енді сенімде,

Ол кетер, бізге оралмай.

 

Жерлеуге келсек, ойланбай,

Көмеді, нөмірлеп екеуден.

Тағы да қалды – ау, бұйырмай,

Бір уыс топырақ, жерінен.

 

Күннен күнге, барады,

Саны өсіп, көбейіп.

Жүрек ауырып соғады,

Кім тұр, бұны түсініп.

 

Ешкім, тұрмас мәңгілік,

Билікте, қалар бір күні.

Болғанда, қолда мүмкіндік,

Табайық ағайын, бір жөнді.

 

Ойлану керек, ағайын,

Бар байлығы елдің, ол халық.

Кім біледі, кімге, не дайын?

Не үшін, өмірге жаралдық?


Оцените пост

0

Комментарии

0
"Талқандалған тағдырлар" атты бейнепоэзиясын осы сілтеме арқылы көре аласыздар: kaztube.kz
Показать комментарии
Дальше