Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:07, 11 мая 2014

Қарттар үйіне альтернатива

Қазіргі зейнеткерлер үшін зейнет деген дайындалуға бар ғұмыр жетпейтін сынақ. Өз кезегінде қоғамда белгілі бір орны бар, сыйлы адам болғанымен, қартайғанда ешкімге керегі болмай қалатын жағдайлар аз емес. Мансап пен жайлы өмір үшін күрес қайтадан басынан басталады, және көбісі үшін мардымсыз ғана бастамамен. Зейнетақы көлемінің көтерілуі бағалардың өсуінен әлдеқайда артта, сырқат саны күн өткен сайын көбейеді, дәрі-дәрмекке қаржы жеткіліксіз және тағы сол сияқты...

Жаңа заманның түрлі қиындықтарынан әрине отбасы қорғайды. Бірақ отбасын құрмаған адамдар да баршылық. Тіпті балалары болған күнде де, өз перзенттері ата-анасының пәтерін жеке бизнесі үшін кепілге қойған жағдайлар аз емес. Немесе өз күнін әрең көріп отырған зейнеткер ата-анасынан ақша сұрауға да баратын балалар бар.

Өз-өзін асырай алмайтын қарт адамға қарттар үйінен басқа барар жер жоқ. Бұл еш таңдауы жоқ адамдар үшін таптырмайтын мекеме. Бірақ мұндағы жағдайды қанша жақсартып бақса да, қарттар үйі интернат болып қала береді. Қартайған шағында «қамқорлықтағы адам» атанып, белгілі бір күн тәртібіне бағынуды ойлаудың өзі қорқынышты. Әсіресе бұл сұрапыл соғыста отанды қорғаған, еңбек армиясында, тың жерлерді игеруде отанына еңбек сіңірген азаматтар мен азаматшалар үшін үлкен сынақ.

Ал қазір Алматыда қарттар үйінің орнын басатын мекеме бар. Ол – жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге және зейнет жасындағы баласыз отбасыларға арналған қоғамдық тұрғын үй.

Бұл пәтерақысын төлей алмайтын жалғыз зейнеткерлер қоныстанатын мекеме. Өз пәтерлерін олар қаланың коммуналды мүлігіне тапсырып, әртүрлі тұрмыстық қызметтермен қамтылған шағын баспананы иеленеді. Берілген пәтер де коммуналды мүлік болғандықтан, тұрғын оны не жекешелендіре алмайды, не сата, не жалға бере, не мұрагерлікке қалдыра алмайды. Есесіне ол коммуналды қызметтерді төлемейді, зейнетақысын алып, тәуелсіз өмір сүреді.

Жалпы қоғамдық үй деп отырғанымыз 74 пәтерден құралған 2001 жылдың 4 мамырында ашылған қосарланған екі бес қабатты үйлер. 2001 жылы бұл Алматы қалалық үй салу комбинатының бітпей қалған жобасы болған.  Алматы еңбек пен
қоғамдық қорғау департаментінің директорының орынбасары Асен Беспаеваның
айтуынша, құрылысты аяқтау үшін сол кездегі Алматы әкімі Виктор Храпуновтың
шешімімен жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге бөлінген.

Үйдің подъездері әрдайым таза тұрады (сыпырушы жұмыс істейді екен). 5 қабатты үйлерде лифт болмауы керек болса да, мұнда қарттар үшін олар орнатылған. Бірінші қабатта кір жуатын орын (қарттар мұнда киім-кешектерін алып кеп, келесі күні алып кетеді - тегін). Сонымен қоса мұнда кітапхана, тренажер залы және медициналық 
пункт те бар. Бұл үйдің тұрғындары негізінен қалалық 12-ші ауруханаға қарайды. Тағы бір медициналық жайлылық - ол арагідік болып тұратын дәрігерлік тексеру және дәрілерді 15 % жеңілдікпен сататын дәріхана.

Қоғамдық үйдің штатына ағаш ұстасы, электрші, сантехник, 3 қарауыл және 4 қоғамдық қызметкер кіреді. Аптасына 1 рет аяқ киім жөндеуші келеді, сонымен қоса шаштараз да келіп тұрады. Бұл қызметтердің барлығы су тегін.

-  Дәл ертегідегідей! – дейді 2 және 3-Белорус майданында соғысқан Екатерина Яковлева. – Мұнда бәрі тегін, коммуналды қызметтерге төлемейміз – тек телефонға, ал оны орналастыру тегін. Үйдің жөндеу жұмыстарына да ақша жаратпаймыз. Барлық
пәтерлердің балконын терезелегенде де қаржы бюджеттен алынған болатын. Дәл
үйдің қасында наубайханасы бар дүкен жұмыс жасайды, онда тапсырыс беруге де
болады. Тіпті зейнетақыны да өздері алып келіп береді.

Ол балаларының Мәскеуге көшкенде оны да алып кеткенін айтады. 
6 жастан бері Алматыда тұрып келген Екатерина онда тұра алмай, Отанына
қайтып келген. Өзінің жақсы ауданда 1 бөлмелі пәтері болған екен. Бұл үй жайлы
естігенде, алғашында ат тонын ала қашқан. Кейін балалары әбден уайымдаған соң,
бәрін ақылға салып осы үйге көшуге бел буған. Көшуге үйдің қоғамдық
қызметкерлері көмектесіп, жиһазын орналастырып берген. Ол өзінің сіңлін де
осында алып келген екен.

Енді ол зейнетақысын тек өзіне жаратады: айына 10000 теңгедей тамаққа жұмсаса, 4000 теңге Мәскеудегі балаларымен сөйлесуге кетіреді.

Бұл жерге келгенде қарттар өздерін жайлы өмірмен қамтамасыз етіп қана қоймай, балаларының мойнынан жауапкершілік жүгін алады.

- Өмір қиын, балаларымның өз шешілмеген мәселелері жетіп артылады, оларға тағы қарт ата-анасын бағып-қағу ауыр жүк болатыны сөзсіз. Сөз соңында, ол мұнда оларды бюджет қаржысынан жерлейтінін де айтты.

-- Жерлеу рәсімін тәп-тәуір етіп өткізеді және өздеріне, балаларына да еш қиындық тудырмайды.

Бір қуантарлық жайт ол – қоғамдық үйдегі зейнеткерлердің өмірі қалалық билік өкілдеріне деген сенімге емес, екі жақтың да міндеттері жазылған жалдау келісіміне құрылған. Пәтерлерді (қымбат және жақсы аудандарда орналасақандарды да) қалалық тұрғын үй департаменті өз меншігіне алып, оларды не сатады, не кезектегі адамдарға тапсырады. Келісім жасалатынын не жасалмайтынын арнайы комиссия шешеді. Егер зейнеткердің үйі тым ескі болған жағдайда, қоғамдық үймен мәмілеге келе алмайды. Бұл департамент көпбөлмелі болмаса да, сатуға жарайтын үйлерді қабылдағанды жөн санайды.

Өз пәтерінің бөлмелер саны және тағы да басқа сипаттамалары мұнда келгенде қарастырылмайды. Тұрғынға 1 бөлмелі пәтер тапсырады, егер отбасылық жұп қоныстанса, 2 бөлмелі тапсырылады. Қоғамдық үй енді ашылып жатқанда, мекеменің қағидасында тұрғынның тапсырған үйі сатылған соң, оның 50% жаңа қоғамдық үйдегі коммуналды қызметтерді төлеуге жұмсалады делінгенмен, кейін бұл тәртіптен бас тартқан. Енді тұрғындардың барлық коммуналды қажеттіліктерін бюджет қаржыландырады.

Үйдің әкімшілігі тұрғындардың өміріне қаншалықты араласады деген сұраққа КСК әкімшілігінен көп емес деп жауап береді. Үйде жиналыстар, мерекелер мен концерттер болып тұрады. Ал одан басқа уақытта әркім өзінше өмір сүреді: қонақтарын күтеді, басқа қаладан келгендер болса да, олар мұнда еркін кіре береді, пәтердегі электрплитаны пайдаланып өздеріне тамақ әзірлейді. Кейбір тұрғындар тәулік бойғы қорғауға қарамастан, есіктеріне екі құлыптан орнатқан.

Зейнеткерлерден негізінен жөнделген (благоустроенный) пәтерлерді алады. Бірақ Мұстафиндер жұбы бұл үйге жеке үйлерін тапсырып кірген. Олардың айтуынша, Ардагерлер кеңесі және Қоғамдық қорғау департаменті Тұрғын үй департаментімен келіскен көрінеді.

Күләй Мұстафина қиналып жүр екен: оның жұбайы соғыстан мүгедек болып оралған, аурушаң, төсектен тұрмайды екен, ал оған қарауға апаның күші жетпейді.

Ол кісі алдында 4 бөлмелі, верандасы бар үлкен үйлерінің болғанын, қартайып,  өздері ештеңе істей алмағандықтан осында келуді жөн санағанын айтады.

Ал балалары жұмыссыз және өз күндерін әрең көріп жүрген көрінеді. Күләй апаға күйеуіне қарайласуға қоғамдық қызметкерлер көмек береді. Бір қоғамдық қызметкерге он шақты қарттан келеді.

Екатерина Яковлева бұл мекеменің атын өзгертсе дұрыс болар еді дейді. Таныстарына Қоғамдық үйде тұрамын деудің өзі ұят секілді.

- Адамдар мұны естіп, қарттар үйі екен деп қалады, бірақ бұл мүлде басқа мекеме ғой.

Бұл жоба Алматыда Мәскеудің тәжірибесінің негізінде қолға алынған. Осылайша Ресей халқының ғана емес, қиын жағдайға тап болған өзіміздің жерлестеріміз де пәтерлерін мемлекетке тапсыру арқылы өздеріне жайлы қартайған шақты қамтамасыз ете алады.

 
0
652
0