Астанада жеті бірдей жаңа кітаптың тұсауы кесілді

МК РК March 13, 2014
257
0
0
0

ҚазАқпарат, 12.03.2014 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Алтын қыран» қайырымдылық қорының қаржылық демеушілігімен жарық көрген Қазақстандағы дарынды...

ҚазАқпарат, 12.03.2014

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Алтын қыран» қайырымдылық қорының қаржылық демеушілігімен жарық көрген Қазақстандағы дарынды авторлардың жеті кітабы таныстырылды.

«Біздің қор қазақ әдебиетінің танымал классиктеріне де, жас дарынды жазушылардың қалам тартуына қолдау жасап келеді. Қазақстанның барлық түкпірінен жыл сайын жаңа таланттарды, ақиық ақындарды тауып отырамыз. Кейін үш кезеңдік іріктеуден сұрыптап, олардың ең үздік шығармаларын кітапқа басып, оқырманға таныстыруды дәстүрге айналдырдық», - дейді «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов.

Оның сөзіне қарағанда, таныстырылған кітаптардың әрқайсысы 1 мың данамен басылған. Сұраныс артқан сайын қор кітаптарды қосымша басып шығарып, авторларға тегін беріп отырмақ.

Кітап авторларының ішінде жинақтарын тұңғыш рет шығарып отырған Әлия Дәулетбаева («Сол бір сәуле» өлеңдер жинағы), Жанар Әбсадық («Сезімдер маусымы» жыр жинағы), Қуаныш Медеубаев («Қара жәшік» өлеңдер жинағы) сияқты жас ақындармен қатар, кітаптары сұранысқа ие Бейбіт Сарыбай («Мейірім» әңгімелер жинағы), Азамат Тасқара («Жусанқыз» өлеңдер жинағы), Думан Анаш («Әулет» зерттеу мақалалар жинағы), Ғалым Смағұл (карикатура альбомы) сынды қуатты қалам иелері мен қарымды журналистер бар.

Халықаралық «Алтын Қыран» қоры 2012 жылы алты жас қаламгердің кітабын жарыққа шығарған. Ал 2013 жылы қадірлі қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер», «Соңғы парыз» кітаптарының ағылшын тіліне аударылуына қолдау жасады.

Оцените пост

0