Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:33, 13 марта 2014

Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыстар туралы

Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірқатар атышулы қоғамдық резонанс тудырған істерге қарамастан, соңғы 3 жыл ішінде армиядағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жүргізілген талдау әскерлердегі сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендегенін көрсетеді.

Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары 2011 жылдан бері қарай 46 пайызға яғни 41-ден 22-ге төмендеген (2012 жылы 23-ке).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және барлық әскери басқару органдарының жұмысын үйлестіру бойынша оң нәтижеге қол жеткізу мақсатында 2014 жылы Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмыстарының тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі іс-шаралар Жоспары бекітілді.

Жоспарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелі жоғары лауазымдар тізімін кеңейту көзделіп отыр. Осындай лауазымдарға қабылдауға және оларды атқаруға ерекше жоғары талаптарды белгілеу, олардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізу тетіктерін қолдану мүмкіндігі туралы міндеттемелер қабылдау жоспарланған. Бұл ретте ондай тексеруден өте алмаған адамның әскери қызметті жалғастыру мәселесі қаралатын болады.

Ақпараттық-сараптама жұмыстарынан өзге Жоспарда бірқатар нақты ескерту-алдын алу іс-шаралар қарастырылған. Оның ішінде әскери қалашықтардағы коммуналдық қызметтерді көрсету, ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету мен жөндеу, сауда-тұрмыстық және монша-кір жуу қызметі, ЖЖМ қамтамасыз ету және материалдық-техникалық құралдарды жөндеу сияқты Қарулы Күштерге тән емес қызметтерді аутсорсингке беру, сондай-ақ «Әскери есепке алуға байланысты құжаттарды ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің стандарты мен регламентін әзірлеу бар. Сонымен қатар, пайдалану мерзімі мен конструктивтік сипаттамаларын ескере отырып, әскери-техникалық мүлік стандарттарын әзірлеу (киім-кешек, жиһаз, казармалық қордың мүлкі және т.б.), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы үшін техникалық тапсырмаларды дайындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, Қарулы Күштер, өзге де әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің ар-намыс кодексін әзірлеу, жоғары және орта әскери оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас негіздері» пәнін енгізу көзделген.

Қазақстан Республикасы мен шетелдік мемлекеттердің Қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастық жоспарларын іске асыру шеңберінде тараптар сарапшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету желісі бойынша тәжірибе алмасу мәселелері бойынша жұмыс кездесулері өткізіледі.

2011-2015 жылдарға арналған Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлықа қарсы әрекет ету жөніндегі жоспардың тармақтарын орындау жалғасуда.

2013 жылы Қорғаныс министрлігінің органдары «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 63 қоғамдық тыңдау, акциялар мен тыңдаулар өткізді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша 97 мақала жарияланды.

Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында әскери қызметшілер азаматтардың өтініштеріне арналған «сенім парағы», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері» жаңартылды.

Қорғаныс министрлігінің сенім телефоны белсенді жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Әскери полиция бас басқармасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер әскери қызметшілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуіне тестілеу өткізуде.

Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленді, олардың бірқатары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
452
0