ШҰҒЫЛ: «Барыс» клубы ҚХЛ чемпионатының ширек финалына өтті

Kazsport agent 2014 M03 12
155
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынының екiншi раундына шықты. Екатеринбург қаласында «Барыс» пен «Автомобилист» арасында өткен төртiншi матч 2:1...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынының екiншi раундына шықты.

Екатеринбург қаласында «Барыс» пен «Автомобилист» арасында өткен төртiншi матч 2:1 есебiмен қазақстандық клубтың пайдасына шешiлдi.

Осылайша қатарынан төрт рет қарсыласын тiзе бүктiрген Ари-Пекка Селин шәкiрттерi ҚХЛ плей-офф сынының екiншi раундына өз тарихында алғаш рет өтiп отыр.

Гагарин Кубогiнiң екiншi раундында «Барыс» хоккейшiлерi «Ақ Барс» пен «Сiбiр» арасындағы тайталастың жеңiмпазымен кездеседi. Екеуара бәсекеде есеп — 2:2.

Басты сөздер: Спорт
 

Оцените пост

0
Дальше