место в рейтинге
  • 76427
  • 2
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ақ алтын сыңғыры

Мақтарал ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының  қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың шаршы км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғындары 300 мыңнан асатын ауданның жалпы халық санының 82,7%-ын қазақтар құрайды. Аудан жеріндегі 182 елді мекен, 1 қалалық, 3 кенттік және 23 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы. Облыс орталығы Шымкент қаласынан 232 км қашықта орналасқан.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты — шитті мақта өндіру. Оның үдесіне ауданның ауыл шаруашылық өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. 1997 жылға дейін аудандағы 11 ұжымшар және 19 кеншар мақта өсіріп, өңдеуге маманданып келген, оның негізінде қазір ауданда 5 мақта тазарту, 3 мақта майын, медициналық  мақта жасау зауыты жұмыс істейді. Аудан республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. «Молчанов және К» спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, «Мақтарал тәжірибе станциясы», «Оңтүстік су шаруашылығы» мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімінің 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Бұлардан басқа ауданда 15871 агроқұрылым, 15846 шаруа қожалығы құрылған. Дегенмен, бұл кәсіпорындардың барлығы халқы өте көп ауданды жұмыссыздықтан сақтай алмай отыр. Ауданда, әсіресе, жастардың басым бөлігі жұмыссыз.

Мақтаарал ауданы  Қазақстанда адам тығыздығы бойынша Алматы қаласынан кейінгі екінші орын алады. Қазақстанның «ақ алтын өндіру заводы» деген атпен Қазақстанға танымал.  Суармалық егіншілікпен айналысатын бұл аудан халқының демографиялық және әлеуметтік- экономикалық жағдайының шын бейнесі бүгінде тым нашарлап кеткен.

Мақтаарал ауданында көп балалы отбасылар саны көбеюде. Ана-бала өлімінің азаюы ақ халатты абзал жандардың арқасы. Табиғи өсуі 2012 жылдың 10 айында 19,6 пайыз болса, биыл 18,6  пайызды құрап отыр. Ауданда 1 – аудандық орталық емхана, 3 – аудандық ауруханасы, 1туб.диспансер , 5 емхана,  36 дәрігерлік амбулатория, 84 медициналық пункт тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде.  Оралман бауырларымыздың Мақтаарал ауданына қоныстануы  легі де айтарлықтай артып отыр. Бұл онсызда тығыз болған аудан халқының демографиялық жағдайын ушықтыруда. Халық санының бала туу және  механикалық қозғалысы арқылы артуы халықтың және де тығыздандырудың негізгі себебі болып отыр. Демографиялық жағдайдың ушығуы халықтың әлеуметтік ахуалына үлкен әсер ететіндігі айдан анық. Бүгінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жұмыс орындарын еселеп көбейту қажеттілігі туындауда.

Президентіміздің шағын-орта кәсіпкерлікті қолдау стратегиясын негізге ала отырып ауданда біршама өзгерістер жасалуда. 2013 жылы қазанда  «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ОҚО филиалы өкілдері аудан кәсіпкерлеріне «Бизнес-кеңесші» атты семинар тренингтер өткізіп, 30 кәсіпкерге сертификаттар берілді. Ал, халқы 300 мыңнан астатын ауданға 30 ғана шағын кәсіпкерлік жастарды жұмыспен қамтамасыз ете ала ма? Әрине, жоқ. Жұмыссыздар санын кемейту үшін үлкен корпорациялар мен компаниялар құру және оларға қолдау көрсету қажет. Оралман бауырларымыздың легін басқа облыстар мен аудандарға бұру  арқылы Мақтаралдағы демографиялық жағдайды біршама жақсартуға да болады. Дегенмен, мұны елеп-ескеріп жатқан әкім-қаралар жоқ. Аудан кері кетудің үстінде.

Мақтаарал халқының диқандары мақта егіншілігенен көңілі қалған. 2005 жылы «Ауыл жылдары»  мақта өнеркәсібінің дамуындағы шарықтау кезеңі болды. Мақта бағасы өзінің жоғарғы көрсеткішін көрсетті, яғни, келісіне 120 теңге болды. Осы көрсеткіш келесі жылдары өзін төмен құлатып, келісіне 45 теңгені құрады. Бұл нарықтың әсері ме? Әлде, Мақтаарал ауданындағы мақта өнеркәсібіндегі  өзара олигаполияның келісімі нәтижесі ме? Әйтеуір, халық мақтадан күдер үзе бастады.

Егіншіліктің халық үшін маңызы жоғала бастаған. Әрине, ешқандай пайда көріп, игілігіне жарамаған жерді кетпен алып қазбалай берудің жөні жоқтығын халық біле бастады. Нәтижесінде, бүгінде жұмыссыз жастардың басым бөлігі Астана мен Алматыға күн көру қамын іздеп кетуде. Қазақстандағы балалар құқығы ең көп тапталатын да дәл осы аудан. Мұнда балаларды қара жұмысқа жегу (шабық шаптыру, мақта тергізу) тым белең алған.  Қария кісілердің зейнетақысына ғана сүйеніп, күн көріп жатқан қаншама отбасылар да бар. Шағын кәсіпкерлік дамуының деңгейі - тасқабаның шыңға шығу жылдамдығында. КСРО-ның кезіндегі топырақ құнарлығынан гектарына 15 тоннаға дейін мақта алып, рекордтық көрсеткіштерге жеткен кездер болған.  Ал, тәуелсіздік алғалы бері жердің құнарлығын арттыруға үкімет тарапынан көңіл бөлінбей, бүгінде гектарына бір тонна алсақ қуанатын жағдайға жеттік.

Мойындау керек, мақта өсіруді қойып, қауын-қарбыз т.б. әртүрлі көкөністер өсірудің тиімділігін көріп, халық осы шаруашылықты өсіруге қарай ығысты.  Бірақ, қаншама көкөніс өсіргенімен, ол -  суға шөккен жанның шыбыққа жабысуы секілді. Өйткені, Қазақстан халқы көкөніс және жеміс жидек нарығының 70 %-ын Қытайдың ширімей ұзаққа жететін ГТО (Гендік-Түрлендірілген Обьектилер) өнімдері алып жатыр. Ал, Мақтарал бау-бақша өнімдерін нарыққа енгізу алып-сатарлар үшін тиімсіз. Ауданның бау-бақша өнімдерін жүк машиналарымен Ресей кәсіпкерлері арзан бағада алып кетуде. Еңкейген жас пен кәрі орыстың жүк машыналарының келуін көргенде қуанып, әйтеуір көкөнісетірінің төмен бағаға болса да сатылуын қанағат тұтады.

Өзбек гострабайтерлерінің жұмыс атқаруына тиым салуы кесірінен, оның үстіне шекараның тарс жабылғанынан ала жаздай еңбек етіп өсірген мақтаны тергізудің өзі ақырзаман. Мұның нәтижесі, қазіргі ауылдағы мектеп жастарындағы балаларды сабақтарынан босатып, жұмысқа тартуға алып келіп отыр. Көрші елдің арзан жұмыс қолдарын қолдану заңдарын жеңілдету, ауданға қажет қара жұмыскерлер санын анықтау арқылы ауданға жұмысшыларын кіру ағымын белгілеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл аудандағы балалардың құқығын сақталуын қамтамасыз етеді.

Абылай хан билігі кезінде қазақ халқын егіншілікке бет бұруын қалады. Ұлы ханның арманын Қызыл империя саясаты  жүзеге асырды.  Алайда, Мақтарал тарихында ондаған ғасырлар бұрын егіншіліктің дамығаны анықталып отыр. Тарих беттерін ақтарсақ, ежелгі Мәуреннаһр (Мақтарал) жерінде суармалық егіншілік өте зор дамыған. Арал теңізі суының тартылуы - осы егіншілік аумағын үлкейту және көркейту үшін жасалған қателік. Мақтарал егіншілігі үшін ең маңызды саналатын Достық каналы Өзбекстан мемлекетінен бастау алатындықтан, су мәселесінде де өте көп проблемалар шығып отыр. Егіншілік суының жаз маусымында жетіспеуі – халықтың баптап жүрген егінін күйретуде.

Мақтарал ауданы географиялық тұрғыдан қолайсыз орналасуы - көлік дәліздерінің қарқынды дамуын тежеп тастады. Ауданның көлік жолдарының жалпы ұзындығы 716,7 шақырымды құрайды. Осы жолдардың 108 шақырымы республикалық, 450,3 шақырымы облыстық, 158,4 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықаралық маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік «Тәуелсіздік» көпірі салынды. Сенсеңіздер, ауданды басқа аудандармен, жалпы елмен байланыстырып тұрған жалғыз көпір осы.

КСРО-ның уақытында  темір жолдар ауданында айтарлықтай  қызмет атқарды. Қызыл империя тарқауынан-ақ, а темір жол қатынастарының баршасы құлдырап, бірнеше жылда өз қызметін тоқтатты. Көптеген адамдар темір жол рельстерін үй құрылысына пайдаланып, кейбіреулері темірлер өткізу нүктелеріне тапсырып, мемлекет мүлкін талан-таражға салды. Ал, мұны қадағаламаған басшылыққа не айтасыз?!.. Осы оқиғалардан кейін темір жолдар халық үшін бұлыңғыр елес болып, оралмасқа кетті.

Өз уақытында темір жолдар ауданды көрші аудандармен байланыстырып, Қазақстанның көптеген бөліктерін жалғастырып қана қойғаны жоқ, көршіміз өзбек халқымен де экономикалық байланысын ұстап тұрды. 2017 жылы Астана қаласындағы Экспо дүниежүзілік көрмесінің негізгі тақырыбы «болашақтың энергиясы немесе энергияны үнемдеп табиғи альтернативті энергия көздеріне өту және экологиялық тазалықты сақтау» болды. Темір жолдар әлемдегі ең экологиялық таза транспорт құралы болып табылады. Энергияны үнемдеу жағынан да әлдеқайда тиімді. Ендеше, неге ауданда бұл транспортты дамытпасқа?! Оның үстіне, демографиясы жоғары аудан болса.

Халықтың ең көп қолданатын автокөлік жолдары болып табылады. Көлік автомагистальдары ауданды басқа аудандармен байланысуын қамтамасыз етуші жалғыз көлік комуникациясы болып тұр. Бұрындары Ташкент-Самарқанд автомагисталь жолы Мақтаарал ауданы арқылы өтетін болған. А2 автомагистраль жолымен бірігіп Алматы, Тараз, Шымкент қаларымен Өзбекстанның Ташкент және Самарқанд қалаларын байланыстырып тұратын болған. Ташкент- Самарқанд автомагистарль жолы Мақтаарал ауданы арқылы 2004 жылға дейін ғана өтті. Қазақ-Өзбек шекарасы тарс жабылып, күшейтілуі соңынан жабылуы нәтіжесінде Мақтаарал ауданы оқшауланып қалды. Шекара жабылуынан алдын аудан  жұртшылығы өзбек елімен сауда-саттық арқылы және егіншілік арқылы өз тіршілігін істеген болса, қазірде бұл жүйенің бәрі күйреді. Ауданда жалғыз Атакент шекара бекеті жұмыс атқарып отыр. Бұл шекара бекетін кесіп өту қалтаның қалындығын қажет ететіндіктен, халық Өзбекстан жеріндегі туыс-бауырларына өту үшін Сарыағаш ауданындағы Қапланбек және Черняевка шекара бекетін пайдаланады. Ал, бұл жолдың ұзақтығын еселендіре түседі.

Шекара жабылуы кезеңінде жер мәселесіндегі өте көп дау-дамайлар больды. Бұл даулар қаншама азаматтар өліміне әкеліп соқтырғаны жасырын емес. Шекара бекеттерінің ашылуы екі ел үшінде пайдалы болып табылады. Мақтарал ауданы Ташкент-Самарқанд автомагистраль жолы іске қайта қосылса , аудан бойына қан жүгіріп, дамудың жоғарғы көрсеткішін қайта көрсетуі анық. Бұл ойды жүзеге асыру үлкен дау-дамайға алып келуі әбден мүмкін, бірақ бұл халықтың ортақ мүддесі үшін ашылатын болса, бірнеше жылдан кейін-ақғ аудан бюджеті артып, шағын және орта кәсіпкерлік қарқанды даму көрсеткішін көрсетеді. Темір жолдарының қалпына келуі жүк тасымалын жеңілдетіп қана қоймай, аудан халқының жолын қысқартады. Темір жолдары арқылы көрші Өзбек елімен сауда-саттық байлынысы күшеюі және әлеуметтің жұмыс орындарымен қамтамасыз етуіне үлкен ықпал етеді.

Президент биылғы ОҚО сапарында 5 гектар ғана жері бар шаруаларға бұдан кейін субсидя т.б. қаржылық жағынан мемлекет көмектесе алмайтынын айтқан болатын.  Бұл дегеніміз, суда шөгіп жатқан адамның үстінен тас тастағанмен бірдей. Онсыз да азып-тозып жатқан аудан халқының әлеуметтік жағдайын көтерудің орнына, биліктің істеп отырған бұл әрекеттері әділетсіздік. Ауданның демографиялық ахуалын, халқының көптігін ескеріп, жағдай жасаудың орнына, осылайша ақ алтын қолдан құрдымға жіберіліп жатыр. Бұлай жалғаса берсе, мақта өсіру Қазақстанда құрып кетеді. Неге ақ алтынның сыңғырын ешкім естімейді?..

   

Нұрбек Оразбайұлы

Cтудент

 
Iskernews.kz порталы makala
Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!
12 марта 2014, 19:31
3247

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 52048
  • 23
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
вчера / 11:08
  • 6513
  • 23
А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

Свершилось! Сегодня в Кызылорде приступили к застройке левобережной части Сырдарьи. Через 10 лет на месте этого пустыря будет шумный и современный новый город, наш престижный деловой Левый берег!
socium_kzo
17 мая 2017 / 17:39
  • 5120
  • 8
Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Этот несомненно талантливый, яркий, достаточно харизматичный журналист приобрёл себе много поклонников в среде оппозиционно-либеральной интеллигенции. Теперь они вновь, стоя, аплодируют своему кумиру.
openqazaqstan
17 мая 2017 / 16:01
  • 4534
  • 57
Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Рианны не будет (как и ожидалось, в общем-то). Зато будут Мумий Тролль с Би-2, Эрос Рамазотти, 30 Seconds to Mars, и даже почему-то Limp Bizkit. А также фестивали J Azzia и "The Spirit of Tengri".
Clair-de-la-Lune
18 мая 2017 / 1:19
  • 3894
  • 10
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 3803
  • 31
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 3594
  • 32
Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Тут нет безвкусицы, нет осуждающих взглядов на меховые тапки под вечерним платьем. Тут все одеваются как дети. Нацепили и пошли. Тоже самое и о волосах.
miyatov
17 мая 2017 / 11:09
  • 3221
  • 8
Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Попрощавшись с уже полюбившейся мне маленькой раздолбанной квартиркой, где соседки слезно умоляли меня остаться, я погрузилась в общажный мрак. Но тогда я этого еще не знала.
AutumnRain
17 мая 2017 / 10:07
  • 3422
  • 63