«Барыс» ҚХЛ чемпионатының ширек финалына шығудың сәл-ақ алдында тұр

Kazsport agent 2014 M03 11
130
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынында екатеринбургтiк «Автомобилисттен» үшiншi мәрте басым түстi. Екатеринбургта өткен матч барысында қазақстандық ұжым...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынында екатеринбургтiк «Автомобилисттен» үшiншi мәрте басым түстi.

Екатеринбургта өткен матч барысында қазақстандық ұжым 1:2 есебiмен тiзе бүктiрдi. Алғашқы голды «Автомобилист» хоккейшiлерi салды, Артем Чернов ойынның жетiншi минутында ұрымтал сәттердiң бiрiнде қақпаны дәл көздедi. Дегенмен, екiншi айналымның үшiншi минутында Константин Романов есептi теңестiрдi. Ал үшiншi айналымда Константин Руденко «Барысты» алға шығарды. «Автомобилист» соңғы минуттарға дейiн гол салуға тырысты, алайда астаналықтардың қақпашысы үздiк ойын көрсеттi.

Осылайша, плей-офф сериясында есеп 3:0, «Барыстың» есесi түгел. Келесi матч 12 наурызда Екатеринбургта өтпек. Ол ойында астаналықтар жеңетiн болса, ҚХЛ-дың ширек финалға өтедi.

Басты сөздер: Спорт
 

Оцените пост

0
Дальше