Бакуде өткен халықаралық турнирден қазақстандық боксшылар олжалы оралды

Kazsport agent 2014 M03 10
126
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық спортшылар Әзербайжан астанасы Баку қаласында 9 наурыз күні аяқталған ересектер арасындағы «Ұлы Жібек жолы-2014» халықаралық турнирінде бірден үш медальді —...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық спортшылар Әзербайжан астанасы Баку қаласында 9 наурыз күні аяқталған ересектер арасындағы «Ұлы Жібек жолы-2014» халықаралық турнирінде бірден үш медальді — алтынды, күмісті және қоланы қанжығаларына байлады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлайды.

60 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі Закир Сафиуллин турнир жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені Дәурен Елеусінов (81 кг) иеленсе, қола Сағадат Рахманқұловтың (69 кг) үлесіне тиді. Ал, Ерлан Тамемов (52 кг), Сапарбай Айдаров (75 кг) пен Нұржан Бекзатов (+91 кг) өкінішке орай, ширек финалда ұтылып қалды.

Бұл додаға барлығы 9 елден 130-дан астам спортшылар қатысты.

 
Басты сөздер: Спорт
 

Оцените пост

0
Дальше