• 410169
  • 24
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ісіне адал жан

Бүгінгі таңда Қазақстан армиясының сапында қыз-келіншектер ер-азаматтардан қалыспай абыроймен қызмет етеді.

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында 100 ден астам әскери нәзік жан Отан қорғаны болып жүр, 37 офицер, 88 келісімшарт қызметкері. Жоғарғы жауапкершілігімен, асқан ұқыптылығымен, тиянақтылығымен ерекшеленетін қыз-келіншектер корпусының әскери институт сапында алар орны айрықша. Қысқаша айтқанда институтта  әскери әйелдердің 15 пайызы болашақ офицерлерге дәріс береді, 65 пайызы оқу үрдісін қамтамасыз етеді, қалған қыз-келіншектер медицина және байланыс салаларында оқу үрдісіне өз үлестерін қосып жүр.

Көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында, Құрлық әскерлері Әскери институтының Оқу үрдісін қамтамасыз ететін батальонының медициналық пунктінің бастығы келісім шарт қызметі бойынша старшина Әлия Акрамқызы Өзбекова жайлы сыр шерткім келеді.

Алдына мақсат қойған, өз күшіне кәміл сенген адам ғана жеңіске жетер, еңбегі жанар. Сондай адамның бірі - Әлия Акрамқызы. Ол өзінің жұмысының нағыз шебері. Сонау бала кезінен әскери болуды армандаған. 1995 жылы балалық арманы орындалып, Әлия әскери өмірдің есігін ашты. Бастапқысында қатаң тәртіпке үйрене алмай қиналған. Әскери медицина  оңай сала емес.

Алғашында әскери қызметте Ақтау қаласындағы №15612 әскери бөлімінің дәріхана және зертхана бастығы лауазымын атқарды. 1997-2004 жылдар аралығында мотоатқыштар бригадасы медициналық пункті бастығының лауазымында өзін тек нағыз кәсіпқой ретінде танытты.

2004 жылдан бастап Құрлық әскерлері Әскери институтында әскери міндетін атқарып жүр. Оқу үрдісін қамтамасыз ететін батальонының  медициналық пунктінің бастығы старшина Өзбекованың лауазымдық міндеттері: батальонның профилактикалық емдеу және медицина қызметіне қатысты эпидемияға қарсы шараларды өткізу, жеке құрамның медициналық тексерісін ұйымдастыру; батальонның жеке құрамының жауынгерлік дайындық сабағын және спорттық шараларды медециналық қамтамасыз етуі, асхананың және батальонның санитарлық жағдайын қадағалау.

Емделуші науқастар жаны мейрімге толы ақ халатты абзал жан Әлияның жимыған жүзінің өзі ем дейді.

«Қазақстан Қарулы Күштерінде 2014 жылғы оқу жылының ұраны: «Кәсіпқой маман – армия негізі», сол кәсіпқойдың бірі батальонның медпункт бастығы старшина Өзбекова. Әлия Акрамқызы ұжымымызда сиылы, ісіне адал, өз қарамағындағы жас мамандарға жылдар бойы жинаған мол тәжірбиесін үйретуден жалықпайтын тәжірибелі маман. Әлия Акрамқызы өзгелерге үлгі болар жан. Біздің батальонда 2004 жылдан бері қызмет етіп келе жатыр. Старшина Өзбекованың әскери дайындықтың барлық түрінен әзірлік денгейі жоғары. Әскери Жарғыларды жатқа біледі, саптық дайындықтан да жоғарғы сатыда тұр, дене шынықтыру нормативтерін орындауда үздіктердің қатарында. Біздің батальонның әскери медицина қызметкерлерінің атқаратын қызметінің өзгелерден айырмашылығы – мұнда жауынгерлік қабілетке мән берілгенімен, алдынғы орында әскери қызметшілер мен курсанттардың далалық жаттығу кезіндегі денсаулық мәселесі бірінші орында тұрады. Курсанттардың далалық оқу жаттығулары кезінде Әлия Акрамқызы және батальон фельдшерлері күн демей, түн демей курсанттармен оқу-ату орнындарында өз міндеттерін атқарады» - дейді оқу үрдісін қамтамасыз ету батальонының командирі майор Нұржан Қошанов.

Әлия Акрамқызы байсалды мінезімен, көргенділігімен, сабырлығымен кызметтестер, жора-жолдас, туған-туыс арасында сый-сияпатқа ие болып жүр.

Мейірімді ақ халатты абзал жан талай сырқатты дерттен айықтырып, ауырып ем іздеген талайдың дертіне дау, көніліне демеу бола білді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

МО РК minoboronyRK
Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz
11 марта 2014, 0:39
232

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38066
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2672
  • 64
Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

КТК: "У жителя Алматы украли… 3 миллиона долларов! В деле, которое расследует сейчас местная полиция, удивляет всё – и внушительная сумма, и фамилия пострадавшего..."
SamJamKZ
10 авг. 2017 / 11:43
  • 2412
  • 42
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1980
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2256
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1202
  • 6
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1197
  • 0