Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:29, 10 марта 2014

Әр күні қуаныш пен шаттыққа толы жан

Blog post imageӨмір – ағын, уақыт – жел, жаңа күн жаңа өзгерістермен келеді.

Осы өзгермелі уақытта біз көңіл бөле бермейтін өзгермес құндылықтар бар: жақсы көңіл-күй, сүйікті іс, қызметтестер арасындағы жақсы қарым-қатынас. Мұның бәрі, әсіресе, уақытының басым бөлігі жұмыста өтетін адамдарға қажет-ақ. Әр күннің қуаныш пен шаттыққа толы болуы бір ғанибет.

8 наурыз мерекесі қарсаңында адал, әрі адамгершілігі мол адами қасиеттерімен ерекшеленетін қарулас қызметтес Маржан Оңғарова туралы сыр жазғанды жөн көрдім. Қашан көрсең ашық-жарқын, көңілді жүреді, тіпті көңіл-күйі болмаса да бетіңді қайтарған кезі болған емес. Қазіргі заманның қиындық көрмеген әйелі дерсің. Бірақ, олай емес. «Бүгінгі күні Қарулы Күштердегі прапорщик әйелді мазалайтын не?» деген сұраққа «бәрі» деп жауап қатады. «Ия» деген қысқа ғана жауапқа махаббат та, ұлт дәстүрі де, қиялға еліту мен оны орындау, еліміздің Қарулы Күштерін жетілдіруге үлес қосу, адами қасиеттер кіреді. Бірі еңбектің қадірін білмейді, енді бірі мына қиын заманда тіршілік күйбеңімен арпалысуда, осылайша адамгершілік қасиеттер ығысуда. Әзірге қартайып отырмасақ та қатаң ұлт дәстүрлерімен тәрбиеленіп шықтық. Әжелеріміз үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, ұстамды болуға және шығыс қыздарына тән ұяңдыққа үйретті. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табатын бұл тәрбие қазір де бар. Бала тәрбиесі, ең алдымен, ана мойнына жүктелгенін естен еш шығармауымыз қажет. «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербейді», - деп бекер айтылмаса керек. Расында, әйел күллі әлемді сәулелендіруге, жарқыратуға қауқарлы.

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің прапорщигі, ақжарқын қыз Оңғарова Маржан осылай деп ой түйеді. 8 наурыз халықаралық әйелдер күні барлық әжелерге, аналарға, қыз-келіншектерге сұлулықтарын сақтап, айналасына шуақ таратып жүрулеріне тілектеспіз. Ең бастысы, маңайыңа жақсы көңіл-күй сыйлай білген жөн, сонда ғана өмірдің қызығы арта түспек.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі


0
789
0