Ресей Қрым сценарийін Қазақстанда бастамақ па?!

kzblog 2014 M03 6
287
1
0
0

06 Наурыз 2014, 09:48 628 6Саясат Қазақстанда ресейлік әскери полиция қызмет етеді Астана. 6-наурыз. Baq.kz – Ресей әскери полициясының бөлімшелері Қазақстан мен Тәжікстандағы әскери гарнизондарға...

06 Наурыз 2014, 09:48 628
6Саясат

Қазақстанда ресейлік әскери полиция қызмет етеді

Астана. 6-наурыз. Baq.kz – Ресей әскери полициясының бөлімшелері Қазақстан мен Тәжікстандағы әскери гарнизондарға енгізілетін болды, - деп хабарлайды Орталық әскери округының баспасөз қызметі.

Орталық әскери округтың аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсатында, әскери полиция жасағының құрамына 38 әскери комендатура енген болса, оның 29-ы Ресейде. Сонымен қатар, бұл құрамға қазіргі кезде Ресей әскері отырған Қазақстанның Приозерск гарнизоны мен Тәжікстанның Душанбе қаласындағы гарнизондар да қамтылмақ екен.

- Осы орайда әскери полицей лауазымында келісімшартпен қызмет ететін 1,4 мың офицер, сержант пен солдат арнайы аттестациядан өткізілді. Олардың міндеті – азаматтардың өмірі мен денсаулығын, құқығы мен әскерилер еркіндігін қорғаумен қатар, әскери бөлімшелердегі заң талаптары мен әскери тәртіптің сақталуын, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен Ресей Федерациясының Әскери нысандарын қорғау болып табылады, - делінген ОӘО баспасөз өкілдері таратқан хабарламада.

Ресейдің бұл жеке құрамы арнайы керек-жарақпен толық қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, металлды жетон, бронежилет, травматикалық пистолет, резеңке таяқ және қол кісенімен жабдықталмақ.

 

"Ресей Федерациясының Әскери нысандарын қорғау мақсатында", деген сылтаумен кіргізілген әскер Қырымды Украинадан бөліп алуға әрекет жасап жатқаны әлемге белгілі.

Сондықтан, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің бұл әрекетіне саяси баға беріп, әскер кіргізуге шек қоюға міндетті!
 

Оцените пост

0

Комментарии

0
Орыс пен АҚШ-тың құрсауында қалу қаупі төнген уақыт. Ресей одақтастарын құтқаруды Украинаның мысалында анық көрсетті, құтқару былай тұрсын ұры ит сияқты сыныққа сылтау тауып өзіне Қырымды қосу амалдарын қарастыруда. Ертең алай-бұлай жағдай болғанда Қазақстанға да осындай сценарий қолданылмасына кім кепіл?
Показать комментарии