Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:32, 05 марта 2014

Ресей Федерациясының «Тополь-Э» баллистикалық зымыранын жіберуі туралы

1992 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан сынақ полигондарын қолдану туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Келісімді іске асыру шеңберінде 2013 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрліктері арасында 2014 жылы сынақ жұмыстарын жүргізу Жоспарына қол қойылды.

Жоспарға сәйкес наурыз айында үш сынақ зымыранын жіберуді жүргізу жоспарланған. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 2014 жылғы 19 ақпанда сынақ жүргізу туралы өтінім алды. Өтінімге а.ж. 28 ақпанда келісім берілді.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік және жергілікті органдарды хабардар етті.

«Тополь-Э» баллистикалық зымыранын сынау 5 наурыз Астана уақытымен сағат 00.10-де жүргізілді. Сынақ штатты режимде өтті. Жауынгерлік бөлім ретінде масса-габаритті макет пайдаланылды.

Сынақ нәтижелері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің мүддесінде талданып, пайдаланылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
283
0