Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:12, 03 марта 2014

Қазақстандық теннисші Я.Шведова әлемдік рейтингте 15 сатыға көтерілді

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова WTA-ның әлемдік рейтингінде 15 сатыға көтерілді.

Айта кетейік, ақпан айының соңында Шведова Бразилиядағы турнирде жартылай финалға дейін жеткен болатын. Соның арқасында бірден 79-орыннан 64-орынға жылжыған Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы Галина Воскобоеваға жетіп қалды. Галина тізімде 60-орында. Зарина Дияс болса, керісінше 5 сатыға төмен сырғып, 118-орынға табан тіреген. Юлия Путинцева мен Сесиль Каратанчева 158 және 159-орындарда тұр.

Ешкімге дес бермейтін Серена Уильямс рейтингтің көш басында тұр, екінші орында қытайлық спортшы Ли На жайғасса, үшінші сатыда Польша теннисшісі Агнешка Радванска келе жатыр.

Басты сөздер: Спорт
 
0
180
0