Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Kazsport agent 2014 M03 2
124
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы ирландық Энди Ли болмақ, деп хабарлайды Vesti.kz. Интернет-порталдың деректеріне сүйенсек, тараптар барлық...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы ирландық Энди Ли болмақ, деп хабарлайды Vesti.kz.

Интернет-порталдың деректеріне сүйенсек, тараптар барлық мәселелерде бірауыздан келісімге келген, келесі аптада күрес туралы ресми түрде жарияланады. Кездесу 26 сәуірде «Мэдисон Сквер Гарденде» өтетін сыңайлы.

«Келіссөздер екі аптадан бері жалғасып келеді. Келісімге қол қоятын күн жақындап та қалған сияқты. Әрине, бұл анау-мынау жекпе-жек емес. Мен шаршы алаңда көзге түсе қоймауым мүмкін, бірақ өз мүмкіндігімді қалт жібермейтін қабілетімді дер кезінде көрсететініме 100 пайызға сенімдімін. Көпшілігі әлем чемпионы болғысы келеді, мен де есемді ешкімге бермеймін», — дейді Энди Ли.

Басты сөздер: Спорт
 

Оцените пост

0