Жыламашы құлыным

Жыламашы құлыным, әкесіз бала, ана мен бала, видеопоэзия, поэзия, өлең, көру, оқу, тыңдау, жүктеу

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Түн жамылып келеді,

Жұлдыздар жайнап.

Жарық, жұлдыз сөнбейді

Тұрмын, мен қарап.

 

Сұрақ қойдың, боташым,

Әкеміз, қайда?

Не айтайын, жұлдызым,

Мұндай жағдайда?

 

Жыламашы құлыным,

Әкеңді ойлап.

Сен есейіп өскенше,

Келер ол тойлап.

 

Бүгін көрсе, сендерді,

Әкең, өкінер.

Алыс жақта, жүріп ол,

Мүмкін, түсінер.

Оцените пост

0

Комментарии

0
"Жыламашы құлыным" атты бейнепоэзиясын осы сілтеме арқылы көре аласыздар: kaztube.kz
Показать комментарии