Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:49, 27 февраля 2014

Болашақ десантшылар парашютпен секірді

Blog post imageҚұрлық әскерлерінің әскери институтында десант әскерлері мен әскери барлау мамандығы бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 4-курстың курсанттары әскери-көліктік ұшақтан парашютпен секірді.

Бұл болашақ десантшылардың жиырма үшінші секіруі. Курсанттар секіру алдында әуе-десанттық кешенінде ұшаққа орналасудан жерге қонуға дейінгі өздерінің әрбір іс-қимылын пысықтады.

- Әрбір секіру алдында біз тренажерларда түрлі жаттығуларды қайталап, парашюттерді жинау жөнінен және әуе-десанттық даярлық бойынша оқытушыларымызға нормативтер тапсырамыз. Біз әуедегі кез-келген жағдайға әзір болып, жедел шешім қабылдай алуымыз керек, - дейді 4-курс курсанты Әлжан Бірліков.

Тактика кафедрасының әуе-десанттық даярлық жөніндегі аға оқытушысы полковник Алексей Никитиннің айтуынша шекті жағдай желдің секундына жеті метр болғанға дейін секіруге рұқсат етіледі. Полковник Алексей Никитин Құрлық әскерлері әскери институты 4-курсының жеке құрамы кемелік тобының десант түсіруі ойдағыдай өткенін атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
297
0