Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:52, 27 февраля 2014

Құрлық әскерлері: боксшы чемпиондарды анықтады

Blog post imageБүгін Астанада ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің арасында өткен бокстан алғашқы ашық чемпионат аяқталды.

Елорда төрінде төрт күн бойы сегіз салмақ дәрежесінде 68 боксшы чемпиондық атаққа кім лайықты екенін өзара сарапқа салды.

Біріншілікке «Астана», «Батыс», «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарынан, сондай-ақ әскер тектерінен, құрамалар мен бөлімдерден 10 команда қатысты.

Өз салмақ дәрежесінде әскери қызметшілер Жандос Жанпейіс (56 кг), Талғат Орақбаев (60 кг), Алмас Исаев (64 кг), Еркебұлан Егеубаев (69 кг), Абзал Орынбаев (75 кг), Руслан Шайхулин (81 кг), Руслан Дадаханов (91 кг) және Николай Бескоровайный (+ 91 кг) чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Ал, командалық есепте жүлделі бірінші орынды Аэроұтқыр әскерлерінің боксшылары иеленсе, екінші орынды Отар 40-шы әскери базасының былғары қолғап шеберлері еншіледі. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы үшінші орынға табан тіреді.

Турниурге құрметті қонақ ретінде қатысқан Афина Олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев әскери қызметшілердің дайындығына жоғары баға берді. Спорт комитетінің төрағасы – ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Ерлан Таласбаев келесі жылдан бастап бұл чемпионаттың бүкіл Қарулы Күштер деңгейінде өтуі мүмкіндігін жеткізді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі


0
186
0