Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:11, 25 февраля 2014

Жыл басынан бері СҚО-да заңсыз сақталған 18 дана қару тәркіленді.

Жыл басынан бері СҚО-да заңсыз сақталған 18 дана қару тәркіленді. «BNews.kz», 26.02.2014ж.
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жыл басынан бері заңсыз сақталған 18 дана тегіс оқпанды мылтықты тәркіледі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Заңсыз сақталған оқ ататын қарулар мен оқ-дәріні тәркілеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері азаматтық қару-жарақты бақылау бойынша алдын ала жұмысты жандандырды. Өткен аптада тіркелмеген 6 дана қару тәркіленді.

 

Жыл басынан бері барлығы заңсыз сақталған 18 дана тегіс оқпанды қару тәркіленді», - дейді ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Ольга Шиян.

Жыл басынан бері екі мыңдай қару иесі тексерілді. 184 әкімшілік заңнама бұзушылығы анықталды: сатып алу, сақтау, қаруды сату тәртібінің бұзылғаны үшін - 17, сатып алу, сақтау, қару мен патрондарды пайдалану мен оларды тасымалдау ережелерінің бұзылғаны үшін – 96, тіркеу, қайта тіркеу, азаматтық қаруды есепке қою тәртібінің бұзылғаны үшін 71 әкімшілік іс қозғалды.

   
0
171
0