• 52353
  • 77
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Күн көсемнiң» басын айналдырған Крупская туралы не бiлемiз?

364582-nadezhda-krupskaya

Пролетариат көсемi Лениннiң серiгi, қызыл педагог Крупскаяның туғанына биыл 145 жыл, қайтыс болғанына 75 жыл толып отыр. Өзi дүниеге келген күнiнен бастап талқаны таусылғанға дейiн оның бар өмiрi осы уақытқа дейiн аса құпия сақталып келдi. Бiзге жеткен тарих Лениннiң жанында жүрген кезеңдегi бiр үзiк сыр ғана болып отыр.

Халық ағарту iсiнiң сұр кардиналы Надежда Константинқызы Крупская 1869 жылы 26-ақпанда Петербург қаласында дүниеге келiп, 1939 жылы 27-ақпанда Мәскеуде дүние салады. Педагогика ғылымының докторы, КСРО Ғылым академиясының құрметтi мүшесi, демократиялық пиғылдағы офицердiң отбасында дүниеге келген Надежда Крупская Петербургтағы әйелдердiң жоғары курсын бiтiрiп, революциялық iстерге ерте араласады. 1896 жылы тұтқынға  алынып, 1898 жылы Уфа губерниясынан Шушенск селосына 3 жылға жер аударылып, осында жазасын өтеп жүрген Ленинмен танысады. Бұл таныстық оның пролетариат көсемiмен өмiрiнiң соңына дейiн бiрге болуына жол ашады.

krupskaya

1900-1907 жылдары ол Ленинмен бiрге Мюнхенде, Финляндияда, Женевада эмиграцияда болып, астыртын жағдайда «Искра», «Пролетарий», «Социал-демократ» газеттерiмен байланыс жасап, мақалалар жазып тұрады. 1917 жылы Кеңес өкiметiнiң орнауымен Крупская Халық ағарту комиссариатының алқа мүшесi болып сайланып, Луначарский, Покровскийлермен бiрге ағарту саласындағы алғашқы декреттi жазуға араласады. «Народное просвещение», «Народный учитель», «На путях к новой школе», «О наших детях», «Помощь самообразованию», «Красный библиотекарь», «Школа взрослых» журналдарына редакторлық жасайды. Бұлардың бәрi ресми органдардың жазып қалдырған партиялық қалыптағы, сүзгiден өткен автобиографиялық өмiрбаяны.

Ал шындық, басқа өмiрбаян беттерiн көрсетедi. Жақында «Алгаритм-книга» баспасынан жарық көрген «Красная фурия или как Надежда Крупская отомстила обидчикам» атты тарихи триллер кiтабын оқығанда бiздiң танымымызды басқа ойға жетеледi.

img-215131-3da2690427

Жалпы, Крупскаялар әулетi өз бастауын Қазан губерниясынан алады. Қызыл кекшiл Надежда Крупскаяның ұлы әкесi Игнатий Каликстович орыс әскерiнiң офицерi, поляк дворяндар отбасынан шыққан. Тарих олардың еврейлер отбасынан шыққандығын да айтады. Ол 1812 жылғы соғыста барлық мал-мүлкiнен айрылған офицер ретiнде императордың мейiрiмдiлiгiне ие болып, өкiмет тарапынан зор құрметке бөленедi.

Қазан губерниясында Надежданың әкесi Константин дүние келiп, кейiн ол бауыры Александрмен бiрге Санкт-Петербургтегi кадеттер корпусына оқуға түседi. Константин оқып жүрiп, масон орденiнiң резидентурасының картотекасында тiркеледi және оның бұл қадамы кейiн қызы Надежданың болашағына жол ашады. Константин 1856 жылы кадет корпусын бiтiрiп, Михайлов артиллерия училищесiне қабылданады. 1857 жылы подпоручик шенiнде Польшаның Кельц қалашығында жаяу әскерлер полкында қызмет етедi. Кельцте жүрiп болашақ жары Елизавета Тистровамен танысады. Оның да шыққан тегi ежелгi немiс ұлтынан болып шығады. Бала өтiрiк айта алмайды. Надежданың бертiн келе жас кезiнде еврей балаларымен бiр аулада ойнағанын, оларға деген сағынышын ұмыта алмауы бойында еврей қанының болғандығын дәлелдейтiн  сияқты. Константин 1868 жылы Елизаветамен бас қосады, бiр жылдан кейiн Надежда дүниеге келедi.

Екатерина гимназиясын алтын медальмен бiтiрген Надя 1887 жылы Бестужевтегi әйелдер курсына қабылданады. Бастауыш мектепте сабақ бередi. Халықаралық революциялық ұйымның агентi, еврей Классонның үйiнде Ленинмен жасырын кездесiп тұрады. 1895 жылы масон Орденiнiң агентi Надеждаға Ленин мен Мартовтың «Ресей жұмысшы табын азат етушiлердiң күрес ұйымының» құрылымы туралы зерттеудi тапсырады. Ол бұл тапсырманы асыра орындайды. Уақыт өте келе Крупская ауыр сырқатқа ұшырайды. Эндокринологиялық, көз және жүрек ауруларына ұшыраған ол бұдан кейiнгi өмiрiн ағартушылық жұмыстарға арнайды.

Бiрде онымен Мюнхен университетiнiң кiтапханасында американдық белгiсiз бiр адам кездесiп, Ресейдегi ағарту, бiлiм мәселесiнiң қалай қойылғаны жөнiнде әңгiме өткiзедi. Бiлiм iсiнiң негiзi идеологияда жатқандығын айта келiп, бұл бағытта өзiнiң қаржылай көмек беретiнiн, оған жақында ғана құрылған миссонерлiк компанияның қолдау көрсететiнiн айтады. Өзiн қайырымдылық қорының өкiлi ретiнде таныстырған Джон Стюарт екеуара болған әңгiменi Ленинге жеткiзудi сұрайды. Ресей империясының қоластындағы халықтар мен орыс халқының бiлiмiн көтеру жолында қажеттi адамдарды дайындауға да көмектесемiз дегендi қоса бiлдiредi. Бұл жөнiнде Ленинмен болған әңгiмеден соң Крупская кез-келген революцияның соңында Американдық қаржылық-өнеркәсiптiк топтың тұратынына көз жеткiзедi.

Krupskaja-4

I-шi Итернационал масондардың аса құпия ұйымы «Бас пен сүйек» қоғамын құрғанын, оның құрамында әлемге билiк жүргiзуге құмар Пэй, Гарриман, Рокфеллерлер, Дэвидсондар, Моргандар, Дюпондер тұрғанын Крупская бiлмейтiн болып шығады. Масондардың бұл құпия Орденi АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, Испанияның, Оңтүстiк-Шығыс Азияның билiк институттарында зұлымдық идеясын жүзеге асырудың жолдарын қарастырып жатқанын да бiлмейтiн болып шығады. Бұл мақсатқа жету үшiн, бұқаралық ақпарат құралдарына иелiк ету, баспаларға, саяси партиялар мен iрi өнеркәсiп кәсiпорындарына қожалық ету қажеттiлiгi талап етiледi. Орден иегерлерi еврейлердiң қолында болады. Стюарт пен Крупскаяның соңғы құпия кездесуiнде американдық оған Гегельдiң философиясын ыждақатпен оқып шығуды өтiнедi. Гегель диалектикасын Крупская немiс тiлiндегi түпнұсқасында оқып, «шиеленiстi ұйымдастырудың» стратегиясы мен тактикасындағы масон Орденiнiң ықпалын түсiнедi. (Мұны бiз фашизмнiң КСРО-ға жасаған соғысынан көрiп бiлгендей болдық. авт.)

1901 жылы Крупскаяның – Н.Саблина деген лақап атпен ұлты еврей, революционер Гольдманның жекеменшiк баспаханасынан «жұмысшы – әйелдер» деген брошюрасы басылып шығады. Бұл масон Орденiнiң ұйымдастыруымен болған саяси авантюра едi.

1918 жылы екi бiрдей террористiк қастандық ұйымдастырылады. Бiрiншiсiнде, Петроград чекистерiнiң басшысы Урицский өзiнiң қандасы, ұлты еврей, студент Канечисердiң қолынан қаза тапса, Ленин Михельсон зауытында эсер Капланның қолынан ауыр жараланады. Алғашқы қастандықтан кейiн Крупская Дзержинскиймен әңгiмелесу барысында оның әрбiр қаза тапқан большевик үшiн 10 000 кепiлдiкке ұсталған, орыс ұлтының өкiлi атылатынын ескерткенiн еске алады. Ленинге қастандық жасамастан бұрын Петроградта өз өтiнiштерi бойынша қабылдау жүргiзгенде Каплан деген әйелдiң: «Мен Ресейдi одан (Лениннен) құтқарғым келедi, ал Сiздi өзiңiзге лайықты емес еркектен азат еткiм келедi» дегенiн ұзақ уақыт ұмыта алмайды. Крупскаяның: «Қолыңнан келсе, көрермiз…» деп Капланды әдемi шығарып салуы, көп ұзамай шындыққа айналады. Бұл жолы да 10 000 орыс ұлтының өкiлдерi ату жазасына кесiледi.

Кеңестiк идеологияның сол тұстағы күн көсемнiң денсаулығын ойлап, Крупскаяның жадап-жүдеген, арып-азып кетуiн көрсетуi шамадан тыс әулекi өтiрiгi едi. Шындығында оны Лениннiң денсаулығы емес, кеңес адамдарының болашақ тағдырына алаңдағансып, билiкке келу жолдары ойландыратын едi. Осы мақсат жолында ол Халық ағарту комиссариатын құрып, бүкiл идеологиялық жұмысты бiр қолына шоғырландырады. 1918 жылдан – 1946 жылға дейiн қызмет атқарған бұл комиссариатта 15 бөлiм болады.

Құрамында Луначарский, Бубнов, Кржижановский, Менжинский, Лурье, Эйхенгольц, Розенфельд, Гершензон сияқты революциялық iсте әбден шыңдалған еврей ұлтының өкiлдерi бар комиссариат кеңес өкiметiнiң бүткiл идеологиясын белгiлейдi. Бағдарлама негiзiнен сырттан басқарылып, ол масон Орденiнiң бақылауында болады.

Большевиктiк Ағарту комиссариатының ең алғашқы декретi – патшалық оқу-ағарту құрылымын таратумен басталады. Патшалық басқару тұсындағы оқу-ағарту құрылымында белгiлi бiр жүйе бар болатын. Мәселен, дайындық тобы, кiшi офицерлер дайындайтын сынып, арнайы және көмекшi мектептер, бастауыш сыныптарға мұғалiмдер дайындайтын мектептер, техникалық, жер шаруашылығы, жексенбiлiк мектептер, бiр-бiрiнен шалғайда жатқан қазақ ауылдары үшiн ашылған көшпелi мектептер, қайталау мектептерi, таукендерi, гарнизон, болыстық мектептерi, кадеттер мектебi, лицей, пансиондар, мұсылман халықтарына аралған жәдитшiлер мектебi, қадымшылар мектебi, медресе, халық мектептерi жабылып қалады.

Қолөнер, халықтық училищелер, жоғары бастауыш училищелерi, әйелдер училищесi, уездъ, министрлер училищелерi де жабылады. Қолөнер, тiгiн, кесiп-пiшу, коммерциялық оқу орындары, гимназия, прогимназия, семинариялар түбiрiнен жойылады. Медициналық, мұғалiмдiк институттар да жабылады. Сөйтiп, большевиктер ғасырлар бойы жүйелi түрде жұмыс iстеп келе жатқан құрылымды жойып, халықты қараңғылықта қалдырады. Есесiне жер-жерлерде еңбек коммунасы, жетiм балалар колониясы, еңбекпен түзеу мекемелерi ашылады. Бiз, сырттай мақтаныш тұтатын педагог Макаренко да сондай еңбек колонияларының ұйымдастырушыларының бiрi болады. Ұлты еврей, кәсiбi чекист Макаренко туралы да бiзге жеткен тарихи шындық айтылмай келдi.

Крупская кеңестiк мектептi ұйымдастыруда шетелдiк педагогтардың еңбегiне сенiм артады. Олардың басым көпшiлiгi масон Орденiнiң мүшелерi болды. Балаларды 6 жастан 18 жасқа дейiн мектеп армиясында тәрбиелеп, материалдық құндылықтарды еңбекпен табуға үйретудi басты мiндетке айналдыруды мақсат тұтқан олар кейiн өз ойларының қате пiкiр екендiктерiне көздерi жетедi. Бiрақ большевиктер басқа ұсыныс енгiзе алмады. Олардың халық ағарту, үгiт және насихат iсiндегi жұмыстары эпидемияға ұшырайды. Крупская сондай-ақ идеологиядағы барлық баспа iсiн өз бақылауына алып, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарға авторларды өзi белгiлеп отырады. Федерация құрамына кiретiн республикалардағы беделдi басылымдарды ашып, жабуды да өз құзырына қалдырады. Оның зардабы Қазақстандағы өтпелi кезеңдегi талас-тартысқа да әсер етедi.    

105986154_3

1917 жылы, қос революцияның тұсында қазақ зиялылары, ұлттық-демократиялық интеллегенция билiкке деген өз көзқарастарын ашық бiлдiре бастайды. Қазақ интеллигенциясы мен мемлекеттi құрушы большевиктер екi майданға шығады. «Ақпан төңкерiсi» қазақ халқына қандай түсiнiктi болса, «Қазан төңкерiсi» сондай түсiнiксiз болды» деп жазды сол кезеңдер туралы Ахмет Байтұрсынов. Осы кезеңдердегi көптеген қаулы-қарарлардың идеялық авторларының бiрi – Крупская болғандығы бүгiн белгiлi болып отыр.

Продолжение - пройдите по ссылке - http://qaznews.kz/kyzyl-furiya74564235867.html

qaznews-kz
26 февраля 2014, 10:12
561

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 28435
  • 21
Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 27170
  • 188
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
вчера / 15:49
  • 14785
  • 2
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 15432
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
вчера / 16:22
  • 11523
  • 1
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11296
  • 57
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 7827
  • 54
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7024
  • 84
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 3013
  • 18