Өмір майдан (Аудиопоэзия)

Айгүл Сағымбайқызы February 25, 2014
259
1
0
0

өмір майдан, аудиопоэзия, бір ақынның өмірі, аудио, поэзия, өлең, тыңдау, көру, жүктеу

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Мақтан емес, бұл сөздерім жазылған,

Бақыттымын, егер болса, түсінетін табылған.

Ақынмын деп, айта алмаспын, әйтеуір бір талпынған,

Мен пендемін, әрбір сөзім, жүрегімді, мың жарған.

 

Өмір майдан, сонда жүрген мен болам,

Бала кезден, жетім, жоқтық, қинаған.

Аян көрдім, «Сен жазасың, кел балам»

Деп бір Қария, маған нанын ұсынған.

 

Қайдан білем, мектептегі баламын,

Сабақ оқу, ойын ойнау, бар болған.

Арасында, әнші болам, сол арман,

Дейді екенмін, біреу болса сұраған.

 

Өстік кеттік, басқа жолға, салды өмір,

Оқыдым, шарқырадым, мен өстім.

Тағы көрдім, мен аянды «Бол жүгір»

«Алға бас, сен жазады деп, сендім»

 

Шырт ұйқыдан, мен оянып, ойландым.

Гүрілдеген қызметте едім, биікте,

«Қалай қиып, мен кетемін, бұл барым»

«Бала – шаға, ойын  - күлкі, тырп етпе»

 

Бірақ бәрі, бір Алланың қолында,

Бар қызметтен, бірақ күнде айрылдым.

Түсті есіме сол аян, «Қалам болсын қолыңда»

Жазып көрдім, сонда екен бақытым.

 

Бірақ заман, әкетеді – ау ағынмен,

Бала – шаға, туыс – жекжат, бәрімен.

Тағы кеттім, мен айналып кәсіппен,

Қалам қалды, тағы тайдым, мен серттен.

 

Бірақ бұл да, созылмады ұзаққа,

Тағы қалдым, мен тақырда, мазақта.

Бар көргенім, қарыз болды жан – жаққа,

Енді ойласам, осы дұрыс, сауапта.

 

Мен пендемін, бірде тәубе, бірде жоқ,

Енді бүгін, аш болсамда, көңіл тоқ.

Бүгін жүрек, тек әнім деп, енді соқ,

Жаратқаным, басқа тілек, менде жоқ.

Оцените пост

0

Комментарии