«Мәңгілік ел»: ҚР Қорғаныс министрлігі Жаңа Қазақстандық Патриотизм идеясы үшін

МО РК 2014 M02 25
316
0
0
0

Астанада Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Міндет, Абырой, Ерлік!» деп аталатын алғашқы елордалық...

Астанада Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Міндет, Абырой, Ерлік!» деп аталатын алғашқы елордалық әскери патриоттық форум болып өтті.

Форумды «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырып отыр.

Жиынға ҚР Қарулы Күштері мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, 10-11 сыныптардың оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысты.

ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары полковник М. Таласов:
– Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз уақыт тезіне бағынып, Қазақстандық патриотизм ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамның қалпы екенін терең түсінуіміз керек. Жастар – болашақ Қазақстанның бастаушы күші, аға ұрпақтың лайықты ізбасары. Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «Мәңгілік ел» – бұл біздің жалпықазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабамыздың арманы, – деді.

ҚР Қорғаныс министрлігі форумға қатысушылар үшін 68665 әскери бөлімі құрметті қарауыл ротасының саптық іс-қимылдар әдіс-тәсілдерін көрсетіп, атыс қарулары мен әскери киім-кешек көрмесін ұйымдастырды.
ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі өз өнерлерін ұсынды.

Форум қорытындысы бойынша жастарды әскери-патриоттық және Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге ауқымды үлес қосып келе жатқан алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушылары ҚР Қорғаныс министрлігінің грамоталарымен наградталды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0