«31 арна» қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжоловты еске алуға арналған үш сағаттық фильм-концерт ұсынады

Assel Toyanova 2014 M02 27
1469
0
0
0

Дауылпаз ақын Қасым Аманжолұлы өмірден ерте кеткенімен, болашақ ұрпаққа жалынды жырлары мен әуезді әндерін  мұра етіп қалдырды. Бар болғаны 44 жыл ғұмырында қазақ поязиясының туын көтеріп, бейбіт...

Дауылпаз ақын Қасым Аманжолұлы өмірден ерте кеткенімен, болашақ ұрпаққа жалынды жырлары мен әуезді әндерін  мұра етіп қалдырды. Бар болғаны 44 жыл ғұмырында қазақ поязиясының туын көтеріп, бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл-күй мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады. Ақынның шығармалары романтика мен лиризмге толы, қайталанбас патроитизммен өрілген, олардан өмірге деген құштарлық есіп тұрады, олар әр қазақтың жанына етене жақын.

Қасым Аманжолов 1911 жылы дүниеге келген. 23 жасынан бастап журналистика саласында қызмет жолын бастаған, алғашқы жырлары да сол кездерде жарыққа шықты. Ол құрған театр студиясы кейіннен облыстық театр деңгейіне көтеріледі. 30 жасында, шығармашылығының шарықтау кезінде соғыс басталып, Отан қорғауға аттанған батыр ұл 1946 жылы ғана елге оралған.

Тарих қойнауында жатқан алдыңғы көшке ілесіп, сол көштің әсем әуезін, асыл меруертін бойына сіңірген Қасым соғыстан кейін қайта түлеп, жаңа арынмен қолына қалам алады. Алдыңғы лектің асқақ рухына, мәңгі өшпес мақамына еліктеу арқылы, өз жолын, өз соқпағын табады.  Өкініштісі, ақын 44 жасында өкпе ауруына шалдығып өмірден өтеді.

Ақын, журналист, драматург, аудармашы. Бұлар Қасым бойындағы таланттың бір парасы ғана. «31 арна» дайындаған фильм-концертте осының бәрі қамтылумен қатар, ақынның жеке өмірі де назардан тыс қалмайды. Телекөрермендер Қасым Аманжоловтың отбасылық мұрағатынан алынған бірегей материалдар мен бұған дейін айтылмай келген тың деректердің куәсі болады. Ақынның өмірі туралы туыстары, әріптестері сыр шертіп, қызы Дариға Қасымқызы естелік айтады.

Махаббаттан туған ақын жырлары мен әндерін тыңдап, рухани ләззат алғыңыз келсе, Қасым Аманжоловты еске алуға арналған бағдарламаны көруге асығыңыз.  Мерекелік концертте Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Қарақат Әбілдина, Сұлушаш Нұрмағамбетова, «Каспий» тобы, «Жігіттер» тобы және басқа да қазақ сахнасының дүлдүлдері өнер көрсетедеі.

Өмірін өлеңге арнаған өр рухты ақын мен оның тағдыр жолындағы белестері туралы білуге құмартсаңыз, «31 арнамен» бірге болыңыз.

8 наурыз күні сағат 12.00-де «31 арнада»

Оцените пост

0
Дальше