Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:03, 25 февраля 2014

Қазақстандық гимнастшылар ҚХР Жасөспірімдер олимпиадасына бірнеше лицензия жеңіп алды

Blog post image

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жеке біріншілікте көркем гимнастика бойынша қазақстандық спортшылар Елизавета Майновская мен Вероника Лысогор (шеңбермен жаттығуда) Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Орталық коммуникациялар қызметінен.

Топтық жаттығуларда біздің 5 спортшымыз таяқшамен жаттығуда Азия чемпиондары атанды. Олардың барлығы осы жылы тамыз айында Қытайдың Нанкин қаласында өтетін Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарына лицензияны иеленді.

Командалық біріншілікте «күмісті» иеленумен Елизавета Майновская, Анна Максимова, Вероника Лысогор жеңіс тұғырынан көрінсе, топтық жаттығуларда Әмина Қожахат, Нұрай Құмарова, Әлия Молдахметова, Виктория Гуслякова, Олеся Колышева «қола» жүлдені еншіледі.

Жеке біріншілікте лицензия көшбасшылардың бірінші төрттігіне, ал топтықта — тек 1-ші орынға ғана беріледі.

Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жарыстарында Азия құрлығынан 78 спортшы бақ сынасты.

 
0
257
0