Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:19, 24 февраля 2014

Астанада мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Астанада мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі жөніндегі конференция болып өтті.

Конференция жұмысына Әуе қорғанысы күштерінің басшылық құрамы, ҚР Қарулы Күштері авиациялық бөлімдерінің командирлері, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері комитеті авиациялық қызметтерінің, Бас әскери прокуратура және Азаматтық авиация комитетінің өкілдері қатысты. Аталған шарада ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті проблемалық мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік авиация жүйесі қызметінің сенімділігін жоғары деңгейге жеткізу жолдары қаралып, кеңінен талқыланды.

Конфернцияға қатысушылар мемлекеттік авиацияның апаттық көрсеткіштерінің қазіргі уақытта жоғары деңгейде қалып отырғанын, ұшулар қауіпсіздігі жай-күйінде түбегейлі өзгерістердің бола қоймағанын атап өтті.

Жиында Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшулар қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасының бастығы полковник Мұрат Қажымұратов баяндама жасап, қатысушыларға 2013 жылы орын алған авиациялық оқиғалардың негізгі себептерін жеткізді. Сонымен қатар, ол авиациялық оқиғалардың алдын алу жөніндегі сапалы жұмысты ұйымдастыру бойынша берілетін нақты ұсыныстарға тоқталды. Бұл ұсыныстар барлық басқару органдары мен авиациялық бөлімдерде іске асырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының құрамына Қарулы Күштердің, Шекара қызметінің, Ішкі әскерлердің барлық авиациялық құрамалары мен бөлімдері енеді. Ол еліміздің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі ең жоғары технологиялы, жауынгерлік әзірлігі жоғары, ұтқыр құрал болып табылады.

Конференцияны ҚР ҚК Мемлекеттік авиациясының ұшулар қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасы ұйымдастырып отыр. Аталған іс-шара барлық әлеуетті құрылымдар мен өзге де мемлекеттік органдардың авиациялық қызметтерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру және тәжірибе алмасу үшін жыл сайын өткізіліп тұрады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
239
0