Дін істері агенттігінің Төрағасы М.А. Әзілханов Маңғыстау облысында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың басты міндеттерін түсіндіру бойынша РАНТ басшылық етті

АДР РК 2014 M02 24
353
0
0
0

2014 жылғы 20-21 ақпанда ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы М.А. Әзілханов Маңғыстау облысында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іс

2014 жылғы 20-21 ақпанда ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы М.А. Әзілханов Маңғыстау облысында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың басты міндеттерін түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихат тобына басшылық етті.

Сапар шеңберінде Маңғыстау облысының әкімі А.С. Айдарбаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдегі қазіргі діни ахуал мәселесі талқыланған соң, Агенттік Төрағасы әкімнің халықпен кезекті кездесуіне қатысты.

Жолдаудың басты міндеттерін түсіндіру мақсатында Мұнайлы ауданының Маңғышлақ стансасының тұрғындарымен, облыстағы мемлекеттік құрылымдардың өкілерімен, оның ішінде ішкі саясат, жастар істері, дін істері, сәулет және қала құрылысы басқармаларының  ұжымымен кездесулер өтті.

«Нұр Отан» облыстық партиясының кеңсесінде Агенттік Төрағасы облыс азаматтарын қабылдады. «Бекет ата» облыстық орталық мешіті мен православтық Благовещен храмында болып, облыстағы дін қызметшілерінің қызметімен танысты.

Сонымен қатар Агенттік Төрағасы облыс әкімінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысына қатысып, өңірлік Кеңестердің қызметін жетілдіру және олардың алдағы жаңа міндеттері туралы баяндама жасады.

Оцените пост

0