Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:34, 24 февраля 2014

Еуразиялық кеңістіктегі қазақ мәдениеті туралы халықаралық конференция өтеді

ҚазАқпарат, 24.02.2014

Blog post image2014 жылдың 14-15 мамырында «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдени орталығы өңірлік қоғамдық ұйымының 25 жылдығына арналған  «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-мәдени үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Бұл туралы  qazaq-alemi.kz хабарлайды.

Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі, Археология және этнография институтының Омбы филиалы, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен өңірлік қоғамдық ұйымы, сібірлік «Мөлдір» қазақ мәдени орталығы ағымдағы жылдың 14-15 мамыры аралығында «Мөлдір» мәдени орталығының 25 жылдығына  арналған «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-мәдени үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізбек.

Келелі жиын барысында қаралатын тақырыптар аясы Ресей және іргелес елдердегі қазақтардың тарихы мен мәдениетін, жаһандану дәуіріндегі Ресей қазақтарының даму келешегін, тарихи Отандарынан тысқары жүрген қазақтардың ұлттық білім алуы мен тілін сақтау мәселелерін, заманауи этникалық үдерістерді қамтымақ. Сондай-ақ археологиялық, этнографиялық және мәдениеттану зерттеулеріндегі қазақ мәдениеті, мұражай жинақтарындағы қазақтардың тарихи-мәдени мұралары туралы сөз болады.

Ал, ең маңыздысы - Қазақстанға қазақтардың оралуының өзекті мәселелері көпшілік талқысына түспек. Бұл шара қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

 
0
567
0