Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:38, 23 февраля 2014

Сочиде Олимпиада алауы сөндірілді

Blog post image
СОЧИ. ҚазАқпарат — Сочиде ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Жеңімпаздар алаңында Олимпиада алауы сөндірілді.

Ойындардың жабылу салтанатының негізгі тақырыбы орыс мәдениетінің әлемге ықпалы жайлы болғанын естеріңізге сала кетейік. Олимпиада туын стадионға «алтын» иеленген Ресей құрамасының спортшылары алып шықты. Дәстүр бойынша, Олимпиаданың соңғы күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері осы шара барысында марапатталды.

Салтанатты рәсім мерекелік от шашулармен аяқталды.

Айта кетейік, Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарына 88 ұлттық Олимпиада комитеттері қатысты. Сондай-ақ мұнда әлемнің 126 елінен 2 миллионнан астам жанкүйер келген.

Дәл осы кезеңде Олимпиада ойындарының ресми сайты әлемдегі ең көп қаралатын сайтқа айналды. Сын сағаттарында оны бір мезетте 150 мың адам қараған, 130 миллионнан астам бірегей қолданушылары болған. Көрермендер үшін миллионнан астам билет сатылды. Алтын медальдарды иеленген елдер саны бойынша да рекорд осы дүбірлі додада орнатылды.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
 
0
215
0