Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:32, 23 февраля 2014

Сочи-2014: Қазақстандық шаңғышы Марк Старостин мәреге 34-ші болып жетті

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочи Олимпиадасының соңғы күніндегі жарыстарда қазақстандық спортшылар шаңғы сайысына қатысты, деп жазады Vesti.kz.

Еркін стильдегі 50 шақырымдық шаңғы жарысының жолында айтулы ойындар медаліне таласта қазақстандық шаңғышылар жүлдегерлер үштігінің қатарынан көріне алмады. Олардың ішінен ең жақсы көрсеткішті Марк Старостин көрсетті, ол мәреге 34-ші болып жетті.

Одан кейінгі 48-ші, 54-ші және 55-ші орындарды сәйкесінше Ердос Ахмадиев, Евгений Величко, Сергей Черепанов алды.

Айта кетейік, бұл жарыста барлық орындарды ресейлік спортшылар иеленді. Александр Легков бірінші орын алса, Максим Вылегжанин (+0.7) мен Илья Черноусов (+0.8) екінші, үшінші орындар тұғырынан табылды.

Осы қысқы ойындар нәтижесі бойынша қазіргі сәтте Ресейдің қоржынында 32 медаль: 12 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль бар.

 
Басты сөздер: СпортОлимпиада
 
0
224
0