Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:02, 23 февраля 2014

Маркетингте кез келген шара жарар?

Девальвация басталған 11 ақпан күнін халық арасында «қаралы сейсенбі» деп атап үлгеріпті. Шынымен де, қарапайым халық үшін бұл күн қаралы күн болды. Оның алдында ғана теңге курсында ешқандай өзгеріс болмайды деген сөзбен көндірген адамдар, теңгенің арзандап кеткенін көп ұзамай хабарлады. Бұл жағдай әрине наразылыққа, қорқынышқа және бірнеше келеңсіз жағдайларға әкеліп соқты. Мысалы үшін, «бейбіт» митинг, банктердің жабылуы туралы жалған смс-хабарландыру, бағалардың кенеттен көтерілуі.

Осы кезде халықтың үрейін өз пайдасына айналдыруды жөн көрген азаматтар аз емес болып шықты. Импортты тауарларды сататын кейбір дүкендер теңге курсының төмендеп кеткенін ести салып өз бағаларын өзгертуге жөнелді (http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/economics/16900875/). Алайда кейінгі кезде, тапқыр маркетологтардың арқасы болу керек, тауарларды бұрынғы бағасымен сатуды маркетингті ПР қадамға айналдырғандар пайда болды. Неше түрлі дүкендерді аралап көрсеңіз мұндай хабарламаларды көп кездестіре аласыз:

Blog post image

“Sulpak” техникалық тауарларды сататын дүкенде де кейбір тауарларды ескі курспен сататын акция жарияланды:

Blog post image

Бұл акция ақпан айының 17-нен 23-не дейін жалғасады. Шамасы, дүкен әкімшілігі мұндай аз уақыт ішінде бұрынғы бағамен алынған тауарлардың барлығын тез арада сатып тастаймыз деген ниетте шығар.

Былай қарағанда, девальвациядан бұрын дүкендер сатылым үшін алған тауарды бұрынғы бағасымен сатуға міндетті емес пе? Жарайды, міндетті болмаса да, әйтеуір қисыны бар нәрсе ғой. Оны маркетингті қадамға айналдыру ақылды қадам екені рас, алайда сонымен қатар сатып алушылардың үрейлі жағдайын пайдалану да емес пе?

Ал сіздер қалай ойлайсыздар?

 
0
559
0