место в рейтинге
  • 12625
  • 10
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Революция» деген осы!

2000 жыл

Сегізінші сынып. Бір қыстақтың іші болса да бір мектептен екіншіне көштім. Үміт артып келген оқу ордасы жұрт айтқандай мықты боп шықты. Класс оқушыларының тәртібі жақсы. Сабақтарына, дәптерлері мен кітаптарына, сынып тазалығына деген талаптары жоғары екен. Оқушылар арасынан сайланған «оқу секторы», «тазалық секторы», «шаруашылық секторы» және «староста» да бар. Әрқайсысы қолдарына бір-бір дәптерден алып, аптасына бір күн бізді тексеріп шығатын.

Ал класс жетекшісі тек нұсқау беруші. Оның айтқаны бізге заң. Ал оған қарсы келу тіптен ойымызда қылаң бермейтін. Староста айтты, яғни ұстаз талап етті!

Мен келгенше класс жетекшіміз біздің класты қатал тәртіпте ұстаған екен. Сонан болса керек, барлығы тым тәртіпті, ұқыпты. Мектепішілік жарыстар болса, біздің сынып бірінші орынды бермейтін. Білім, спорттық шаралар, тазалық көрсеткіші, өсіретін гүлдеріміздің алуан түрлілігі, барлығы жағынан біз алда болатынбыз. Бұған өзге кластың оқушылары қызғанышпен қарайтын.

Бір қызығы мен көшіп келген бұл сыныптың жетекшісі бастауыштан бері келе жатыр екен. Төртінші кластан соң ата-аналардың өтінішімен осы ұстаз өз орнында қалыпты. Өйткені ол математика пәнінің мұғалімі еді. Яғни жоғарғы сыныптарға да сабақ бере алатын.

Сегізінші сыныпқа келгендіктен, класс жетекшісіміз оқушыларымен жақсы қарым қатынасқа көшіпті. Санамыз кірді, есейдік, көп нәрсенің парқын біліп, жақсы-жаманды айыра бастадық. Ұстаз  барлық жағдаймызды түсінетін, көмек сұрағанда қол ұшын да беріп тұратын. Бірде: «Балалар, біздің класс өте таза, бірақ әдемі емес. Сондықтан «қордағы» ақшамыздан қаржы бөліп, осы класты безендірейік»,- деді. (Сөйтсем бұл мектепте заң басқа екен. Оқушылар жайшылықта «класс қоры» үшін ақша жинайды. Егерде класта қандай да бір оқушының етігі не басқа да жоқ жітігі болса, соған көмекке беріліп отырады екен.) Біз бір ауыздан қолдадық. Сонымен класс қорының есебінен, парталардың бетіне ДВП сатып алып, оны өзіміз асқан ұйымшылдықпен қақтық, лактедік. Сынып терезелеріне жапқыш, карниз, жаңа гүлдер алдық. Еденге линолеум жаптық, жоғарыдағы қарапайым шамды люстраға ауыстырдық. Бәрі керемет құлпырып кетті. Класымызға қарап сүйсінетінбіз. Мектепте қандай да бір шара болса, сырттан қонақтар келсе, директор біздің класты сұрап алатын. Ал біз өзге кластарда отырып, жан-жағымызға менсінбеушілікпен қарап, өз сыныбымызға асығатынбыз.

2001 жыл

Тоғызыншы класс. Қыстағымызда шығатын жалғыз газет 2000 жылдан бастап «демократия» туралы мақалаларды жариялай бастады. Сөз бостандығы туралы ақпараттар ауданымызды шарпыды. Халық көктен іздегенін жерден тапқандай қуанып, «көзіміз енді ашылды, мың жасағыр Америка!»,-деп марқайды. Көп ұзамай осындай демократия біздің класқа да келіп жетті. Оқушылар ұстазымызға бағынбауды шығарды. «Бәрін өз ақшамызға істедік!», «класс жетекшісі болмаса да, осындай деңгейге жететін едік!»,- деп дандайси бастады. Старостаның айтқанын тіптен құлаққа ілмей «кетші әрмен, сен кім едің!»,- деді. Ал мұғалімдерге «сенің ұрсуға қақың жоқ, анаған-мынаған қақың жоқ»,- деп, «құқық», «право» деген терминдерді алға тартты.

Кластағы ең тәртіпті деген оқушының өзі артқы партада отырып, ернімен шыбынның ызыңдаған дыбысын шығарып, ұстаздың жүйкесіне тиетін. Мұғалімге қарсы шықпау ұлдар тарапынан қорқақтық саналатын. Ал сөзін сөйлеу жағымпаздық боп есептелді. Осылайша кластан береке кетті. Артынша класс жетекшісі де кетті.

Кезекті жетекші сайлағанша біраз күндер өтті. Осы арада біз «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтың керін келтіріп», парталардың бетіндегі өз қолымызбен қаққан ДВП-ларды сындыра бастадық. Кейін линолеумдерді жыртып, бір бірімізге лақтырып ойнадық. Сондай қызық көрінді. Осындай ойындардың бірінде бір баланың көзіне линолеймнің жыртығы кіріп, ауруханадан бір-ақ шықты. Сонымен алғашқы зардап шегушілер пайда болды. Ең жуас деген балалардың аяқ киімін шешіп алып, люстраға іле бастадық. Көп ұзамай люстра да сынды. Мұндайда гүлдерді кім күтіп жатсын? Бірі солды, ал енді бірі ДВП-ның сынықтарын лақтырып жүргенімізде сынды.

Араға апта салып, жаңа сынып жетекшісі тағайындалды. Ер мұғалім екен. Есейіп кеттік деп ойлады ма, арамызда бір-екі бала жабылып, бұл ұстазды да мұзға құлатып, бетін көк ала торғайдай етіп сабап кетті. Мұны естіген басқа кластың балалары қызғушылық танытты. Кеңседе жиналыстың ортасына алынған әлгі екі бала бүкіл мектептің батырына айналып шыға келді. Артынша оқу ордасынан қуылды.

Айналасы бір жылдың ішінде біздің сынып мектептегі «ең сотқар», «ең нашар», «бүлікшіл», тіпті «арызқой» деген атқа ие болды. Өзге кластың оқушылары бұған тек қуанды. Енді олар бетке ұстар сыныпқа айналып шыға келді. Ал біз өзіміздің демократияшыл екенімізге сеніп, мастанып жүрген едік.

2004 жыл

Есімізді кеш жидық. Екі жыл өткен соң жоғары оқу орнына тиісті балымызды жинай алмай, сынақтан құладық. Біріміз жұмыссыз қалдық, енді біріміз қара жұмысқа жегілдік. Берекеміз кетті.

2014 жыл

Мектеп бітіргелі он жыл өтті. Үш кластас болып мектепке бардық. Бұрынғы класымызға бас сұққан едік, ондағы жағдайды көріп, ішіміз ашыды. Қанша жыл өтсе де, еденде өзіміз жыртқан линолеумнің іздері әлі жатыр. Біз салған жара ғой. Үстінен қанша сырлап қойғанымен, ойлы-қырлы жерлерін бүтіндеу мүмкін болмапты.

Егер біз тәртіпті болғанымызда мына класс әлі де айнадай болып тұрар ма еді? Ал мына інілеріміз өздері отырған класты көркейтіп кеткен бізге рахметін айтушы еді. Біз болсақ бұлайша әркімнің босағасын сығаламас па едік?

2014, ақпан

Жақында альбом ақтарып отырып, сегізінші сыныптағы ұстазымызды ортаға алып түскен суретімізді тауып алдым. Әдемі парталарымыз бен бір кездері жоғарыда жарқырап тұрған люстра көзіме оттай басылды! Іштей мынаны ғана айттым:

«Революция» деген осы!

Еркебұлан Ерлен

 
Еркебұлан Ерлен yerlenyerkebulan
Қазақ. Мұсылман. Инженер.
23 февраля 2014, 11:50
366

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 там. 2017 / 14:43
  • 12103
  • 178
Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Я в тогдашней Алма-Ате родился, вырос. В школу начал ходить пешком. Весь центр опползал. Все эти знаковые места помню как ещё не знаковые места. Никаких этих ностальгических страданий у меня нет.
Aidan_Karibzhanov
21 там. 2017 / 16:25
  • 6111
  • 34
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 там. 2017 / 16:23
  • 3536
  • 52
Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Его отцом был Мырзагул, матерью Жания, оба глубоко верующие. По рассказам, Бекет-Ата обладал богатырской силой, что в том числе помогало выбивать мечети в крепких скалах.
theYakov
21 там. 2017 / 17:21
  • 3051
  • 3
«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

Я всегда теряюсь, когда слышу этот вопрос, потому что я так и не сумел выразить причину одной фразой. Давайте рассмотрим популярные варианты, и я объясню, что именно мне в них не нравится.
convoluted
21 там. 2017 / 12:29
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 там. 2017 / 11:16
  • 2573
  • 67
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 там. 2017 / 17:13
  • 2186
  • 1
Как я перестала верить в бога: «Религия показалась мне фарсом, а бог – выдумкой»

Как я перестала верить в бога: «Религия показалась мне фарсом, а бог – выдумкой»

Первое, что зародило во мне сомнения – это стэндап-выступление Джорджа Карлина. Его монолог о религии показался мне смешным, но его было недостаточно, чтобы пошатнуть годы моей веры в бога.
DominaOmnium
18 там. 2017 / 22:17
В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

При какой зарплате можно купить квартиру, рассказала председатель правления АО ЖССБ Ляззат Ибрагимова. Она также подчеркнула, что придется забыть, что такое вечеринки, кафе и всякие развлечения.
tala03
18 там. 2017 / 9:55
  • 1836
  • 55