место в рейтинге
  • 10753
  • 10
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Тәуеліздік һәм мұнай

Кеңес үкіметі құлдырап, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген тұста көптеген шетелдік сарапшылар «Қазақияның ғұмыры ұзақ болмайды»,-деп кесіп айтты. Бұл тұжырым дәйексіз емес еді. Егемендікке қол жеткізіп, есін жиған халық (әрине, қуанған қазақтар туралы сөз боп отыр) аңғарып қараса, атадан қалған ұлан байтақ жеріміз этникалық жағынан біртұтас емес боп шықты. Бұдан былай Қазақстанды мекендеуші ұлттар «орыс», «татар», «неміс», «украин» деп емес, жаңаша сипатпен «орыс тілді ұлт» және «қазақ тілді ұлт» болып екіге бөлінді. Бұл бөліну аз болғандай «орыстанған солтүстік», «қазақы оңтүстік» деген терминдер және қосылды. «Ұлттардың түрлілігін айтпағанның өзінде, руға бөлінген қазақтардың араздығы артады»,-деп сарапшылар жүз пайызға сенім білдірді. Сондағы орысша пікірлері мынау еді: «Этнический раскол между русским Севером и казахским Югом и внутриклановые противоречия внутри самого казахского народа будет стопроцентной гарантией неизбежной гражданской войны».

Кез-келген сарапшы бір шешімді айтар болса, әлемдік саясатқа сүйенеді. Дүние жүзінде болып жатқан және тарихпен көмілген оқиғалардың барысын талдау мен зерттеу, «диагнозға» ықтималдық теория бойынша алпыс не жетпіс пайызға әсер етуі мүмкін. Ал біздің жағдайда жетпіс пайыздық мүмкіншіліктің өзі сарапшыларды қанағаттандыра алмады. «Жүз пайыз»,-деді олар. «Жүз пайызға кепілдік береміз, Қазақстан алға адымдай алмайды»,-десті.

Неге сүйенді?

Біріншіден олар Молдовияның мысалын алға тартты. Бұл елде тіл мәселесіне байланысты ушыққан бүлік ұлттар арасындағы қақтығысқа ұласып, ақыр соңында Молдовия өз құрамындағы Приднестровьядан айрылып қалды. Міне содан бері Приднестровья Молдовияның автономиясы болып әлемге танылды да, өз президентін сайлады. Керек десеңіз жеке туын, елтаңбасын, валюталарын шығарып алды. Мұнан соң мүлдем Молдовияның үстемдігін құлаққа аспайтын болды.

Әзірбайжан ахуалына тоқталайық. «Тәуелсіздік алдық-ау» деп, демін ішіне тартқан халық азаматтық соғысқа қойып кетті. Ал соғыстың жақсы, ең болмаса жеңіл түрі болсайшы?! Осылайша «егемендік» деп тартылған дем, әзірбайжандықтардың өкпесінен ақтық дем боп шығып жатты. Әрине, қырқысқан қанды алаңда. «Жанжал неден туды?» деген заңды сұрақ бар. Тарихтан жауап табу әркез оңай. Бірақ, еске алу қиын. Бір ғана себеп бар-тын. Өз қазаным қолыма тиді деп радикалды ұлтшыл топтар билікке шығып алып, өз дегендерін ғана жасатқысы келді. Ал әрқилы ұлт өмір сүретін жерде, ұлтшылдық өте қауіпті еді. Еді және солай болып қала береді де.

Грузия да трагедиялық жағдайларды айналып өтпеді. Президент Гамсахурдия әп дегеннен-ақ тістеген жерінен ет жұлып алмай тынбайтын автономияларға шүйлікті. Сөйтті де, халықты өзіне қарсы қойып алды. Тақтан құлады, артынша белгісіз жағдайда қаза тапты.

Бізде қалай болды?

«Көпұлтты Қазақстан да осындай сергелдең, әрі қанды жолмен жүріп кетпейді» дегенге сол кезде кімдер сенді екен? (Сенбеді деп айтуға келмей тұрғаны). Егер Қазақстан осы күнгі биігіне жеткен болса, ол бірінші Алланың, сонсоң Елбасымыздың арқасы! Дәл сол Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақияны тұрақтылықта ұстап, түрлі-түсті азаматтық соғыстарға себеп тудыртпады. Елбасы тарапына айтылар мақтаулар қазір көп-ақ. Ал біздің бұл мақалада алға тартатын себептеріміз сіздің бізге деген (мынау жағымпазданып отыр деген) жеккөрінішіңізді басуы да мүмкін. Ендеше тақырыпқа былайша атау беріп, басқа қырынан тарқатайық:

Тәуелсіздіктің кепілі кім немесе не?

Бордюрдің қыры сынып қалса да, билікті сөгетін кейбір данагөйлер: «Біз тек мұнайымызбен ғана отырған елміз ғой, әйтпегенде баяғыда-ақ қирап тынатын едік!» десіп жүр. Расымен солай ма? Ендеше мұнайға бай Ирак неге ойран болды? Сирия ше? Мейлі Парсы шығанағымен өзімізді салыстырмай, тағдырластарымызды алайық. Тәуелсіздік ала сала, Әзірбайжан неге арпалысты? Мұнай қорына бай екендігін былай қойғанда, геосаяси жағына жер бетінде сәтті орналасқан ел емес пе? Неге жаға жыртысты? Ақыл айтып, тұрақтылыққа шақырар деген қара алтындары сол кезде  жер бетіне шапшып шығып, «тоқтаңдар, бұларың не?»,-деді ме? Жоқ! Онда қайдан тіл болсын?! Онда қайдан ми болсын?!

Азиядан шығып, оңтүстікке жылжиық. Африка елдері неге аштықтан қырылып жатыр? Оларда мұнай жоқ па? Бар! Нигерияның қара алтынға таласып, өзара қырқысқандарын әлі де білетін шығарсыз? Міне, ағайын! Мұнай сыйға берілген бақыт қана емес, қарғыс атқан сұйықтық болуы да әбден мүмкін! Бір ғана түйін шығаруға болады. Мұнай мемлекет тұрақтылығын бір ғана себеппен ұстай алады. Қандай себеп десеңіз жауабы біреу екен. Мұнайға да парасатты басқарушы керек! Ал мұнаймен ел өздігінен керемет боп кетпейді!

Ұлт деген не?

Неміс философы Гегель: «Егер адамдар бір-бірін халық ретінде мойындаса, ұлт ұғымы туады»,-дейді. Осы жерден кері сұрақ туады. Сонда адамдар бір-бірін адам деп есептемеуі де мүмкін бе? Мүмкін екен! Ал Қазақстандағы ұлттардың арасында өзара менсінбеушілік болды ма? Болмады! Оған жол берілген жоқ! Ал Грузия президенті Гамсахурдия ынты-шынтысымен ұлттық идеологияға байланды да қалды. Осылайша өзі жақсылық қалаған еліне азаматтық соғысты тілеп алды. Ұтылды!

Нұрсұлтан Әбішұлы посткеңестік республика басшыларынан өзгеше саясат ұстанды. Тек қана қазақ ұлты деген қасарысқан әсіре ұлтшылдыққа бармады. Дәл қазір біреулер «біз сол кезде-ақ өз ұлтымызды көтеріп алуымыз керек еді, орыстарды тайраңдатып жібердік». Немесе «мынау не сандалап отыр?»,-деуі мүмкін! Ендеше мынаны қараңыз! Дәл сол егемендік алған тұста көптеген орыстар мен украин және немістер өз елдеріне көше бастады. Бірақ, барлығы емес! Солжиныцин секілді ақылға жүгінбейтін орыс жазушылары Қазақстанның солтүстігінде қалған орыстардың санасына «ағайын, мынау сенің жерің, керек болса Ресейге қосып алу керек»,-деген сықылды қауесет таратып, қазақ пен орыс арасына ши жүгіртіп бақты. Егер дәл сол уақытта Нұрсұлтан Әбішұлы «тек қана қазақ!» деген ұран ұстанса, біздің де азаматтық соғыстан қашып құтылмасымыз анық еді ғой! Солай ма? Солай! (Тіпті қазіргі Астанамыз Орысстанның қолында отырар ма еді? Кім біліпті?!)

Нұрсұлтан Назарбаев іштей демократияшыл, ойы еркін, сырттай ашық болды. Өз елін тұтастықта ұстау үшін не қару, не қысым көрсетпеді. Оның бар стратегиялық қаруы Қазақияны мекендеп жатқан барлық ұлтқа деген бірдей махаббаты һәм даналығы еді.

Біз қазір Елбасының көптеген саясатын ұқпауымыз мүмкін. Кейде «неге өйтіп жатыр, неге бүйтіп жатыр?»,-деп ашуға беріліп, ол кісінің шешімін сөгіп отыратындар да жоқ емес. Бірақ уақыт өте келе ол кісінің айтқаны мен қабылдаған заңдарының дұрыстығына көз жеткізіп жатамыз. Бәлкім, Елбасы бізге барлық сырын айта алмайтын шығар?! Бұны қайдан шығарып отырсыздар демегін! Нұрсұлтан Әбішұлының есінде әркез жүретін біз сөз бар. Ол: Шарль де Голльдың «Жоғары билік адамды жалғыздық пен мұңға батырады» дегені. Бірнеше демей-ақ қояйық, бір-екі онжылдықтардан соң біз президентіміздің кейбір шешімдеріне таң қалысып, талқылайтын болармыз. Алла сол күндерге жеткізсін! Соның бірі елорданы Алматыдан Астанаға көшіру еді. Астананың солтүстікке неліктен көшкені туралы ұзын-сонар баяндап жатудың қажеті шамалы болар. Нақты бір дәйек керек болса, жоғарыда айтылып кеткен жайттарға бір көз жүгіртіңіз. Кеңес үкіметі тарағанда біз екіге бөліндік. Сол тұстағы «орыстанған солтүстік» және «қазақы оңтүстік» деген стереотипті бұзған да осы Астана боп шықты. Ал енді айтып көріңізші «солтүстік орыстыкі» деп. Аузыңыз бармайды. Қалайша? Өйткені астанамыздың әрбір ғимаратының қадасы секілді, біз мұнда тамыр жайдық. Осылайша қазақ, орыс деп бөлінбей Қазақстан үшін жұмылған жұдырыққа айналдық. Қазір орыс демей-ақ қоялық, орыстілді ұлттардың өзі «туған жерім Қазақстан», «Қазақстан алға!», «барымды да, нарымды да Қазақстанға беремін»,-деп отыр. Атағы әлемге мүшһүр боксер Генадий Головкиннің өзі: «Мен Қазақстанымның намысын ешбір елге айырбастамаймын. Ресейдің атынан шығып, ол елдің намысын жырту мен үшін абсурд! Туған жерім Қарағанды»,-демеді ме?! Міне, біз қандай патриотизмді қалыптастырып шықтық!

Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық құрылым жасап шығудағы бір тарихи жетістігі-жергілікті орыстармен тіл табысуында болды. Тоқсаныншы жылдарды еске түсірейікші? Кеңес үкіметі тараған соң, орта Азия мен Кавказдағы орыстар үдере көшіп кетті. Тұрақсыздықтар белең алды. Ұлтаралық түсіністік болмады. Тек қана Қазақстанда мұндай келеңсіздік бой көрсетпеді. Қазақстан халқының ассамблеясы қазіргі таңда ұлттық бірліктің бір кепілі боп тұр. Қазіргі таңда Қазақстан жас та болса әлемдік аренаға шықты. 2010 жылы ОБСЕ-ге басшылық жасады. Ол аздық етсе ЭКСПО 2017-ні де жеңіп алған біз емей кім? Айтыңызшы, Еуропа қай кезде Орта Азияны мойындап еді? Неге Өзбекстан немесе Молдовия басшы болмады? Мұның барлығы тәуелсіздіктің арқасы. Ал, тәуелсіздіктің арқауы-бірлік! «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген осы ағайын!

Еркебұлан Ерлен

Еркебұлан Ерлен yerlenyerkebulan
Қазақ. Мұсылман. Инженер.
23 февраля 2014, 11:45
273

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 21512
  • 63
Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Концерт Рианны всё-таки состоится летом в рамках культурно-зрелищных и спортивных мероприятий ЭКСПО-2017. Рианна крута, с этим никто не спорит. Но соберёт ли «Астана Арена» 30 тысяч зрителей при...
openqazaqstan
вчера / 14:29
  • 15837
  • 15
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 5224
  • 0
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 4930
  • 41
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 4982
  • 34
КТЖ подарило iPhone мошеннику за краденную фотографию

КТЖ подарило iPhone мошеннику за краденную фотографию

Украл в супермаркете — отправился в полицию. Украл фотографию — выиграл новенький iPhone 7 от КТЖ. Вот такая нехитрая получается история. Огромное спасибо Тамерлану Жумабекову, который обратил моё...
andche
сегодня / 0:06
  • 3528
  • 11
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 3929
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 марта 2017 / 17:18
  • 4101
  • 49
Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Когда уже люди смогут самоутверждаться за счет своего интеллекта, энергии, познаний и настоящей красоты, а не за счет авторитетного вида и не менее авторитетного дяди?
Bookenova_smartass
28 марта 2017 / 18:28
  • 3563
  • 89