место в рейтинге
  • 12257
  • 10
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ГЕЙМЕР сіздің үйіңізде де болуы мүмкін

«Геймер» деген кім? Біріншіден осыған тоқталайық. Геймер ағылшынша «гэйм» сөзінен шыққан. Қазақша баламасы «ойын». Ал, «геймер» «виртуалды ойыншы» мағынасын береді. Яғни компьютерлік ойынға тәуелділер кісілер. Қазақ баласы арасында геймерлер бар ма? Бар екен. Тіптен көп екен. Әрсен де осы топтың бірінен болып шықты. Оны геймерлікке апарған жолмен сіз де жүргенсіз. Бірақ, қазір сіз бұл топтан болмасаңыз, өзіңізді уақытылы тежепсіз.  Құдай сақтапты деңіз. Ал Әрсенде құмарлық былайша басталған еді:

DENDY (Дэнди)

Мен виртуалды ойындарды үшінші  кластан бастап ойнадым. Ол кездері «дэнди» деген ойын аппараты болатын. Мен қатарлас балалардың барлығы «Марио» болып айдаһардың тұтқынында отырған өз бикештерін құтқарды. Сонымыз үшін өзімізді қаһарман сезіндік. Бірақ, бұл ойындарда адам өлтірмедік. Кейінірек «низдзя тасбақаға» айналып қылыштастық, сойқандастық. Онда да тек жауыздармен шайқастық. Осылайша қаныпезерлікке итермелейтін ойындардың алғашқы сатысы басталып кетті. Оны ұғатын бізде сана болмады. Есіміз кетіп, дэндидің дискеталарын прокатқа алатын орындар іздеп, еліріп жүрдік. Құдды біреулер, сананы жүйелі түрде жаулау үшін кісіні таяқпен сабайтыннан бастап, соңы атып өлтіретін ойындарға дейін жүйелі түрде ұйымдастырғандай көрінеді осы күндері маған. Бұл ойындардың тартымды болғаны соншалық,  мектептен келе сала, тамақтануды емес, жылдам сабақтарымды оқып, дэндиді теледидарға жалғауға асығатынды шығардым. Ал таңертең оқуға бара жатқан жолымда ойынның түрлі тактикаларын ойластырып жүрдім.  Бақытыма орай болды ма, кейін үйдің теледидарын күйдіріп тындым. Ол кездері жаңасын алу үлкен қаражатты талап ететін. Оның үстіне заман да қиын болды. Сонымен не керек, әкем «ойын ойнауыңның алды арты осы болсын»,- деп, өзі әперген дэндиін лақтырып жіберді. Жалғыз ойнап үйренген менде енді балаларға қосылып ләңгі тебуге, асық атуға құлық болмады.

SEGA (Сега)

Уақыт өте дэндиді  «сега» ойын аппараты ығыстырды. Түрлі-түсті бейнемен ойнағанымызға қуандық. Өйткені бұл дэндиге қарағанда тартымырақ еді. «Мортал комбат»-ты ойнадық. Досымыз екеуміз бұл ойында джойстик ұстап, бір-бірімізді ұрдық, соқтық. Осылайша  санаға алғашқы досқа деген жауыздықтың дәнегі егілді. Бұдан бұлай екеумізде сабақтан бестік баға алудан емес, бір-бірімізді сегада жеңуге деген талпыныс пайда болды. Мектептен соңғы уақытымыз сега клубтарында өтетін. Мұнда ойынға келген балалардың кезегі толастамайтын. Мектептің спорт ауласы сол кезеңдерде жетімсіреп қалды. Барлық баланы клубтан табатынбыз. Алты дана аппарат қайсыбірімізге жетсін. Кешке дейін соны торуылдап тұратын едік. Кейде өзімізден жасы үлкен балалар келсе, біздің кезегімізді тартып алатын да, біз үйге бос қайтатынбыз.

 

SONY PLAYSTATION (Сони плэйстейшн)

Бірер айдан соң клуб бастығы «Сони плэйстейшн» аппаратын әкелді. Ондағы бейнелер тіптен шынайы көрінетін. Осылайша компьютелік ойындарға деген шынайы қадамым басталды. Бірақ, Сони плэйстейшнмен ойнауға қаражатымыз жетпей, тек қызықтап отыратынбыз. Негізгі ойыншылар тепсе темір үзетін жұмысқа қабілетті, енді бірі бала шағасы бар үлкен жігіттер еді.

 

GTA (ГТА)

Он бірінші сыныпқа келгенде досыма ата-анасы емтиханға дайындалсын деп компьютер сатып әперді. Оған екеуміз «GTA» ойынын орнатып, қызығына түстік. Әркімнің көлігін тартып мініп, көшеде кездескен шал мен жүкті әйелдерді қан жоса қылып теуіп, ақшаларын тонап, ізімізден қуған полицияларды атып ойнайтынбыз. Осы әсерлерімізден шыға алмай, шынайы өмірде де сабақтан қайтып келе жатып, алдымыздан қариялар мен екіқабат әйелдер шықса «ойындағыдай теуіп көрсек қалай болар екен?»,-деп өзара күлісіп алатынбыз. Іштен бірнәрсе «теп-теп» деп түрткілеп тұратын. Тек қорқынышым жібермейтін.

Әкемнің ізінен қалмай жүріп, мен де үйге компьютер алдырттым.  Бар ойым «GTA» ойынының  майын ішу. Cолай болдым да.  Кітаптарын сатып алдым. Түрлі кодтарын таптым.

COUNTER STRIKE (Контр-Срайк)

«Бәлені бәле ауыстырады» демекші кейін «Контр-Страйк» ойыны пайда болды. Мен бұрын соңды өзім де елестете алмаған кәнігі геймерге айналдым. Оқуды мүлдем қойдым. Ендігі мақсатым алдағы ойын тәсілдерімді өзгерту, басқаша қырларыммен компьютерді жеңудің жолдарын қарастыру болды. Ал кейін компьютермен ойнауды доғарып,  желілік қарсыластар таптым. Солармен біруақытта ойын үстеліне жайғасып, екеуара сағаттарға, ал кейде күндерге созылатын қырқысты Контр-страйк соғысын жүргізіп жүрдік. Айлар жалғасып өте берді. Бір күні достарыма баяндадым. Олар да бұл ісіме қызығушылық білдіріп, менің қатарыма қосылды. Өзім секілділердің көбейгені маған да жақсы көрінді. Енді топқа бөлініп, атыс-шабысқа толы ойындардың тұңғиығына батып кеттік. Класта үзіліс арасында Контр-страйктан өзге тақырыпта сөйлеспейтін болдық.

Он бірінші сыныбымды толықтай осы ойынға арнадым. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жөніне қалды, өйткені санамда Контрдан басқаға орын жоқ еді. Осы дертімді өзім де сезе бастадым, бірақ біржола ойыннан қол үзу мүмкін емес еді. Өйткені тамаққа қалай зәру болсам, бұған одан бетер қажеттілігім тағы бар. Университетке түссем, сабақ тапсырмалары көбейіп, ойынға уақыт таба алмай, біртіндеп шығысамын деп өзімді алдарқаттым.  Бірақ, олай болмай шықты. Анамның берген барлық ақшаларын оқуымның қажеттілігіне емес, компьютерлік клубтарға жұмсадым. Алғашқыда «сабақ аз болды»,-деп өтірік айтып, үйге ертерек келіп ойынға кірісетінмін. Жалған сөз қайталана берсе, күдік пайда болар деп, клубтарда ойнауды ұйғардым. Мен сияқтылар онда тіптен көп екен. Менен де өткен мықтыларды көріп, солардай болуға ұмтылдым. Іштей алған бағытымның дұрыстығына сенім білдіріп, оларды көрген сайы, мотивация алдым. Клубта ойнаған жақсы. Өйткені барлық  геймерлер  біледі, егер үйде ойнап отырғанда, біреу тамаққа шақырса, не дүкенге жұмсаса агрессияға берілу қиын емес. Мен бұрын сабырлы, жұмсақ мінезді, сабақты жақсы оқыған бала болатынмын. Ата-анам, ұстаздарым менен үлкен үміт күткен еді. Ал қазір кімге айналдым? Кісімен көп сөйлесе алмаймын, сөздік қорым да азайды. Жыл өткен сайын ұмытшақтығым артып келеді. Бір орында отырып тамақ жеп, оның үстіне жеңілістерім үшін күйгелектене берген соң, асқазан ауруына ұшырадым. Оның үстіне кейінгі кезде шашым түсуді шығарды. Қазір ойынды жәймендеп доғарып келе жатырмын. Әрине бірден қойып кету қиын. Гипнозға барып жүрмін. Осы күндері күніне 4 сағат ғана ойнаймын. Ең дұрысы бұл ойындарда ойнауды бастамау керек екен. Сонда ғана дертіңе ем іздеп зар болмайсың.

Болашақта жақсы маман болуым керек, жақсы жар тауып, отбасымды қамтамасыз етем, балаларыма өнегелі тәрбие берем десем, маған бұл аурудан айығу керек. Өйткені өзімнің рухани құлдырап бара жатқанымды сезіп жүрмін. Қоғамға да, жолдастарыма да қажеттілігім жоқ сияқты.

Сараптау: Күніне 4 сағат виртуалды ойын ойнаған адам, бір жылда 1460 сағат, яғни 61 күнін (2 ай) шығындайды екен. Ал 122 күнін (4 ай) түнгі ұйқыға міндетті түрде жұмсайды. Сонда кісіде не уақыт қалды? Өмір есептеулі. Шексіз емес. Оған талас жоқ. Азғантай ғана ғұмырда ешкімге пайдасын тигізе алмай, араққа, есірткіге салынып ата-анасына, әйеліне масыл боп өмірден өтіп кетіп жатқандар қаншама? Олардан тараған ұрпақ қандай болмақ?! Хош! Алқаштан алқаш туар! Ал сау кісіден, нашақор тумайды деп кім айтты?  Виртуалды ойынның жетегінде кеткен кісіні, әртүрлі сектаға, қылмысқа, есірткіге бұрып жіберуден оңай не бар? Жүйкесі жұқарған, өзіне-өзі төтеп бере алмайтын кісіде, сыртқы күшке қарсы келуге қауқар қайдан болсын! Бүгін балаңыз компьютер ойнайды, ертең карта, сонсоң автомат, казино, түнгі клуб... Осылай жалғасып кете бермесіне сіз кепіл бере аласыз ба? Жоқ! Компьютерлік ойындарды «зиян» деу тым қарапайым болар. Бұл ұлт үшін орны толмас апатқа апаратын жол! Қазаққа қазақтан өзгенің жаны ашиды деп кім айтты? Орыс сіздің еліңізді қорғайды ма, әлде қытай сізге жақсылық ойлап отыр ма?

Өкінішке орай қазіргі технологиялық үдерісті тоқтату мүмкін емес. Біз қаласақ та, қаламасақ та компьютер біздің өмірімізге енді. Енді сақ болыңыз! Ертең бұдан да сорақы, адам аздыратын дүниелер шығады. Атыс-шабыс фильмдер мен мультфильмдер және ойынның кез-келген түрі санаға жүріп жатқан шабуыл. Қауіп барлығымызда бар. Қазіргі таңда кесімді түрде ешкім компьютерден үзілді-кесілді бас тарта алмайды. Себебі, дүкеннің сатушысына дейін компьютерге бағынышты болып қалды. Компьютерлік білім баршаға қажет. Отпен жылынуың да, сондай-ақ оған күйіп қалуың да ықтимал. Бұл жерде де осы принцип. Компьтерге құрал ретінде қарау қажет. Оған өзіңіздің шынайы өміріңізді ауыстырып алмауға тырысыңыз. Аңғарып қараңыз. Жастар ойынның, ал ересектер әлеуметтік желінің соңында жүр. «Мой мир» әлеуметтік желісі сіз үшін қандай пайда берді? Суретіңізді салдыңыз! Біреудің әуретін көрдіңіз, тамсандыңыз! Сізге де біреулер дәл солай тамсанған болар. Біреуге көз тиген шығар?! Бәрі де мүмкін! Қазақстанды қазақ ғана қорғайды! Мәселен Финляндияда геймерлер мен интернетке тәуелділерді әскерге алмайды екен. Бізде де сол заң қабылданса, әскерге әрбір оныншы азамат ғана шақырылатын болар.

Есірткі мен алкоголизмнен емдейтін «Smith & Jones Addiction Consultants» ұйымы енді Еуропада компьютерлік тәуелділіктен айықтыратын клиника ашпақшы. Есірткі, алкоголизм зардабымен теңесті! Осыдан-ақ бұл аурудың қай деңгейге шыққанын аңғара беріңіз. Ал Қытайда мұндай клиникалар 2005 жылдан жұмыс істеп келеді. Ресейдегі психологиялық клиникалар туралы тіптен сөз қозғамайық. Санына жете алмассыз.

Аурудың осы түрінен айығудың, өкінішке орай, медициналық тәсілі жоқ. Наркомания мен алкоголизмнен ерекшелігі де, қиындығы да сонда боп тұр. Өйткені бұл XXI ғасырдың жаңа ауруы. Ал, кез-келген жаңа аурудың емін табу қашан да қиынға түспек.  Оның үстіне вируспен емес, адам санасындағы виртуалды әлеммен күресудің қаншалықты қиындыққа түсетінін білесіз бе?

Қазақ ұрпағының сапалы да, есті, білімді, ұлтжанды болғанын сіз қалайсыз ба? Әрине, «иә» дейсіз! Өйткені бұл ұрпақ сіздің балаңыз, немереңіз! Ендеше ұл-қызыңыздың қарап жүрген мультфильміне, оқып жүрген кітабына, араласатын ортасына, бастысы компьютеріне бүгіннен бастап қадағалау жүргізуді қолға алыңыз!

Еркебұлан Ерлен

 
Еркебұлан Ерлен yerlenyerkebulan
Қазақ. Мұсылман. Инженер.
23 февраля 2014, 11:25
564

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
сегодня / 18:27
  • 3493
  • 5
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3831
  • 58
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
вчера / 10:18
  • 2912
  • 12
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2861
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2384
  • 19
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
сегодня / 12:15
  • 2421
  • 80
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1899
  • 4
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
вчера / 15:19
  • 1824
  • 18
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1916
  • 41