Дерт пе, әлде жаратылыс па?

Iskernews.kz порталы 2014 M02 21
554
0
0
0

  Қасиетті Құран Кәрімде: «Еркек пен еркектің қосылуы шариғат бойынша зинамен тең. Үкімі де зина жасаушылармен бірдей. Яғни, таспен ұрып өлтіру. Еркек пен еркектің көңіл жарастыруы ең үлкен күнә...

 

Қасиетті Құран Кәрімде: «Еркек пен еркектің қосылуы шариғат бойынша зинамен тең. Үкімі де зина жасаушылармен бірдей. Яғни, таспен ұрып өлтіру. Еркек пен еркектің көңіл жарастыруы ең үлкен күнә. Бұл табиғат жаратылысына қарсылық,» - деп келтіріледі «Ағрас» сүресінің 80-аятында.

Қоғамды толғандыратын, қоғам үшін күрмеуі күрделі мәселе, қауіпті дерт деп сипатталатын құбылыс – гомосексуализм. Бұл қайдан пайда болған, Тәңірден берілген ерекше «қасиет» па, әлде азғындану салдарынан пайда болған дерт пе? Бұл сұрақтың жауабын іздестіру үшін қысқаша тарихқа тоқталайық. Ежелгі грек елінде «гомосексуалист» деген ұғым жеке адамдар тобына емес, олардың іс-әреккеттерінен көрінетін мінез-құлқына сипаттама ретінде қолданылатын ұғым болған. Ортағасырдағы «содомни» түсінігі өзінің сан қырлы мағынасынан бөлек,адамға ғана емес, сонымен қатар қоғам тыйым салған әрекеттер мен теріс қылықтарға қолданылған. XIX ғасырда медицина әдебиеттерінде бұл мәселе басқаша қарастырылған. «Гомосексуализм» сөзі  тек қана ерекше психофизиологиялық хал, дерт емес, ол белгілі бір адамдар тобының басқалардан бөлек, ерекше өмір сүру стильі дегенді білдірген.

Гомосексуалдық туралы алғашқы арнайы теориялардың өзі біртекті болмады. Француз психиаторы Андре Тардье өз жыныстасына жыныстық құштарлық – тумысынан пайда болған моральдық және физикалық кемтарлық, онымен күресудің жолы – кастрация деген. Осы пікірге қарсы, неміс заңгері Карл Ульрихс 1860 жылдары осы тақырыпқа арнап 12 кітап жазды. Ол гомосексуалистерді «урнингтер» деп атады. Және олардың пайда болуын жатырда ұрық кезінде дұрыс дамымағандығынан деп түсіндірді. Соның салдарынан, урнингтер – ер адам денесіне әйел жанының орналасуы, ол мидың қызметіне байланысты қалыптасатын болмыс екендігін айтады. Және ол бұл ауруды дальтонизммен қатар қойып қарастырады. Ал неміс невропатологы және психиаторы Карл Вестфаль гомосексуализмді тумысынан өзгеріске ұшыраған жыныстық сезім деп көрсетеді. 1882 жылы француз психиаторлары Жан Шарко мен Валентин Маньян бұл жағдайды емдеуге гипнозды сәтті қолданғандарын айтқан. Бірақ, тумысан біткен «ауруды» гипнозбен емдеуге болатындығын түсіну қиынға соғары сөзсіз. ХІХ ғасыр соңында орыс дерматовенеролог В.М.Тарновский тумыстан пайда болған дегенге қарсы болып, оны жүре келе қалыптасқан, қоғам мен қоршаған орта әсерінен пайда болатын жыныстық ауытқушылық деп дәлелдейді.

Бұл құбылыстың «себебі» жайындағы теориялық тартыстар ХХ ғасыр басында да жалғасын тапты. Бертін келе «гомосексулаизмді» психикалық ауытқу, дерт және қалыптан тыс өмір сүру формасы деп қабылдауда(И.С.Кон. «Сексуалогияга кіріспе»).

Әр ғалым мен зерттеушілердің бұл «дерттің» пайда болуы мен қалыптасуы туралы пікірлері, түсіндірулері әртүрлі. Ал осы «дерт» иелерінің бұл туралы пікірі қандай?

Толик - гей, сауда-өкілі, 22 жас:

-         Мен өзімнің басқалардан ерекше екендігімді алғаш мектепке барған кезімен аңғардым. Ұл балаларға ерекше қызығушылық болды. Есейе келе бұл мінезімді мойындағым келмеді, 17 жасымда қалыпты ер адамдарша болу үшін өзімді мәжбүрлеп түрлі шаралар қолдандым, бірақ нәтижесін бермеді. Ендігі кезекте осы қалпыммен көндігуге тура келді. Өйткені, бұл – менің табиғатым, менің жаратылысым.

Милена – лесбиянка,психолог, 28 жаста:

-         Мен бұл ерекшелігімді ешкімнен жасырмаймын, менің тумысымнан болмысым – осы. Біз отбасымызда үш қызбыз, мен – үлкенімін. Екі сіңілім де тұрмыс құрған. Әкем мен анам бізге ешқашан қатігездік қылған емес, тәрбиеміз жақсы. Барлық достарым және туған-туыс менің «ерекшелігімнен» хабардар. Ешкімге психикалық немесе басқаша жағынан әсер етпеймін, және мен сияқтылардың қоғамға қаупін сезінбеймін. Бізді Құдай осылай жаратты, жаратылысқа қалай қарсы шығамыз. Мен қоғамның шеттеткенін, болмысымызға қарсы ниеттерін түсінбеймін. Ешқандай, ешкімге зиян келтіріп жатқан жоқпыз ғой(көзіне жас алып)......

Әрине, көп жағдайда «бұлар» қоғамға психикалық немесе физикалық зиян келтірмейтінін айта кеткен жөн. Ешкімнің ешкімге еш себепсіз соқтығыспайтыны заңды ғой. Бірақ гомосексуалистерден қоғам, мемлекет айтарлықтай зиян шегеді деуге себеп те аз емес. Соның біздің қазақ қоғамына ең үлкен зияны – демографиялық өсімге айтарлықтай әсер етуі. Гомосексуалистер халқымыздың он пайызын құрайтынын, және олардың саны өсіп келе жатқанын ескерсек, бұл қауіпті мәселе. 2020 жылға қарай гомосексуалистер саны екі есе артады деген де болжам бар.

Қоғам өмірінде қалыптасқан тағы бір зияны құбылыс – нәсіпқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттер. Зерттеулер бойынша осы қылмыс түрі көп жағдайда гомосексуалистер арқылы жүзеге асатыны белгілі болып отыр. Оларға қолданылатын шаралар қылмыстық кодекстің 121-бабында көрсетілген. Бірақ, ерікті түрде орын алатын нәпсіқұмарлық қатынастар үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілмеген.

Бұдан қандай қорытынды шығара аламыз? Біржынысты байланысқа қоғамның қандай көзбен қарағаны дұрыс? Бұл - қоғамның азғындалуы ма әлде жаратылыстың демократиялық көрінісі ма?

 

Асия Айғали

Оцените пост

0