место в рейтинге
  • 76561
  • 2
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ҚазҰУ-дың түлектері — еліміздің іргелі ісін атқарып жатқан жандар

ЕСІМОВА ЖҰЛДЫЗ ДӘПЕНҚЫЗЫ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканының ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Есімова Жұлдыз Дәпенқызы 1984 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Ынталы ауылында дүниеге келген. Ынталы орта мектебінде 9 жылдық білім алып, Жаркент қаласы Жамбыл атындағы орта мектепті үздік аяқтап, 2001-2006 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды. Филология факультетін үздік аяқтағаннан кейін бірден аспирантураға жолдама алды. Аспирантураны үздік дипломмен аяқтап 2009 жылы «Қазақ тіліндегі эвфемизмдер: естірту, көңіл айту» сөздері атты ғылыми диссертация қорғап, 2010 жылы филология ғылымдарының кандидаты атағын алды.

Жұлдыз университет қабырғасында оқып жүрген уақытында өзін жақсы жақтарынан көрсете білді, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Республикалық халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларына қатысып, дипломдармен марапатталды.

Ж.Д. Есімова іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, өзіне де өзгеге де талап қоя білетіндігімен ерекшеленеді. Жұмысына ұқыпты, адамдармен тез тіл табыса білетін маман әрі оқытушылар ұжымы арасында сыйлы,  олардың зор ықыласына бөленген. Білімді де білікті маман, адамгершілігі зор ұстаз ретінде студенттер мен әріптестері алдында беделді.

2006 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің орыс тілі кафедрасының маманы болып еңбек етті.

2008-2010 жылдары факультеттегі кәсіподақ қоғамының және әдістемелік кеңестің  белсенді мүшесі.

2010 жылдан бастап филология факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды.

2010 жылдан бастап филология факультетінің мемлекеттік тіл кафедрасының аға оқытушысы болды.

2011 жылдан бастап филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканының ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарып келеді.

Сіздерге осы жаны жайсаң, біліктілігі мол, керемет ұстазбен болған сұхбатымды ұсынамын:

- Адамның бойындағы қандай құндылықтарды жоғары бағалайсыз? Не себепті?

- Жеке басым, адам бойындағы рухани құндылықты, адамгершілік, адалдық, кішіпейілділік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік секілді қасиеттерді жоғары бағалаймын. Бойынан осындай қасиет табылған адамды рухани жағынан бай адам деп есептеймін. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», - деп сонау кезде ата-бабамыз айтып кеткен мақал текке айтылмаса керек. Еңбекқорлық, бастаған істі соңына дейін жеткізу – адам баласының ең бір ерекше қасиеті деп есептеймін.  Онсыз мақсатқа, табысқа жету мүмкін болмас.

- Туып-өскен жеріңізді сағынасыз ба?

- Туған жер – адам жүріп өткен жолындағы ең киелі мекен. Туан жерге деген махаббатты өзге ештеңемен айырбастай алмаймыз. Туып-өскен жерім – Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Ынталы ауылы. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған ауыл. Менің ауылым көлемі жағынан қаншалықты кіші болса да, мен үшін ол қашанда кең, о шетімен бұ шеті шексіз. Мүмкін, мен үшін көшелері тәтті естеліктерге толы болғандықтан, үлкен мекен болып санамда қалды.  Дәл осы ауылда  менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және ата-апаның ыстық алақанында тәрбиеленгенім әлі есімде. Иә... Туған жер сені ұзаққа жібергісі келмейді. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Балалық шақтың жарқын қуанышы тек ғана осы мекеннің ешкімге белгісіз сыры болып, қойнауындағы хатнамада мәңгілік сақталып қала бермек. Балалық шақ алыстаған сайын сол сағыныш жүректің түбінде тебіреніп қайта-қайта мазалайды екен. Кім қалай мақтанса да жарасатын мекен осы бір сырымен қымбат. Мен үшін жер жаннаты Жетісудың жерұйығында орналасқан жазиралы Жаркент деп аталатын осы елді мекен ыстық көрінеді де тұрады. Өйткені ол жерде сәбилік шақ, балдаурен күндерім өтті. Шіркін -ай! Өз еліңнің ауасы да, суының дәмі де, адамдары да тым өзгеше, айтып жеткізе де алмайсың! Туған жерге деген махаббат, сағыныш ештеңеге  ұқсамайтын – ұлы сезім! Осы кезде Қалқаман Сариннің туған ауыл өлеңінің шумақтары есіңе түсіп кетеді:

Қатты маған қызуың күннен сенің,
Сағынышым өзіңсің, мұң мен шерім.
Қайран ауыл, қалдың-ау үзіп алып,
Жұдырықтай жүректің бір бөлшегін.

- Сіз де филология факультетіміздегі қыздарға үлгі болып жүрген ұстаздарымыздың бірісіз.  Өзіңіздің жүріп өткен жолыңыз туралы айта кетсеңіз...

- Рахмет!  Өмір адамға екі рет берілмейтіні белгілі, сол үшінде ол күресуге тұрарлық. Мен 2001 жылы ҚазҰУ-дың 1-курс студенті атандым. Ол кезде әкемнің көзі тірі еді... Бірге ҚазҰУ қалашығын аралап жүріп, ҚазҰУ неткен әдемі, неткен көркем деп екеуміз әңгіме-дүкен құрып келе жатып, әкем маған қызым, сен осы университетте бір маман иесі болып отырсаң, менің арманым жоқ деген сөзді айтып қалды. Сол күннен, сол уақыттан бастап мені бір арман жетелеп  кете берді... Университетті қызыл дипломға бітіріп, қолыма диплом алатын сәтте жақындап қалды, сол жылы әкем өмірден өтті. Алматы қаласында ешбір туысым да, танысым да жоқ еді, баратын да, паналайтын да жерім жоқ болды. Енді арманым орындалмайды ма деп ойладым... Бірден деканатқа жүгірдім, сол кезде факультетіміздің оқу-ісі жөніндегі декан орынбасары болған Қазыбек Гүлмира апайды жолықтырып, жұмыс сұрадым, апай сондай адамгершілігі мол, мейірімді жан ғой, маған қарап тұрды да, бірден менің жанымда түсінгендей, бағыңа қарай орыс тілі кафедрасында жұмыс бар деді. Кафедраға барсам, кафедра меңгерушісі Ахмедьяров Қайрат Қабенұлы отыр екен. Сіздерде жұмыс бар екен дедім, ол кісі маған қарап орыс тілін білесіз бе? - деді. Мен ауылдан келген қазақтың қарапайым қызымын, шынымды айтсам орысша өте жақсы білмеймін (күліп). Жаным қиналғаны сонша, білдірмеуге тырысып, бірден білемін дедім. «Онда жұмысқа ертеңнен бастап шығыңыз»,- деді. Солай жұмысқа кірісіп кеттім. Қазір Қайрат ағайымыз өмірден өтіп кетті. Керемет, адам баласын ренжітпейтін, өзі біртуар азамат еді. Сол кафедрада жұмыс істеп жүріп профессор Алтынбекова Ольга Баймухановна мен Зуева Наталья Юрьеевнамен достасып кеттім. Ең қызығы орысша нашар сөйлейтін мына мен, орыс тілді кісілермен тіл табысып өмірлік дос болып кеттім. «Армансыз адам, қанатсыз құспен» тең демекші, менің арманға бергісіз ойым деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болу еді. Себебі, мен студент жастармен жұмыс жасағанды өте жақсы көретінмін. Жұмысты бір қалыпқа келтірген соң, әрі ойланып, бері ойланып факультетіміздің басшысы Қансейіт Әбдезұлының кабинетіне барып ағай менің декан орынбасары болғым келеді дедім. Сол кезде ағай маған қарап, күліп Жұлдыз мен сені жақсы білем, сен 5 жыл бойы өте белсенді студенттер қатарында болдың, факультетіміздің студенттер маслихатының, студенттер кеңесінің төрайымы және  топтың басшысы  болғаныңды да білем.  Бірақ, сен декан орынбасары болу үшін оқытушы немесе ғылым кандидаты болуың керек деді де, - шығарып салды. Сол сәттен бастап мен жұмысыма кірістім. Сол жылы аспирантураға емтихан тапсырып оқуға түстім. Жетекшім профессор Смағұлова Гүлдархан апайым болды. Апайымыз екеуіміз әңгімелесіп отырып диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын таңдадық. Тақырып: «Қазақ тіліндегі эвфемизмдер: естірту, көңіл айту сөздері» деп аталды. Ол кезде менің жасым бар болғаны  22-де еді. Біраз ұстаздарым мына тақырып өте қиын екен қалай жазасың? Қалай қорықпайсың деп айтып жатты. Сол кезде әкемнен ерте айырылып көңіліме бір медеу іздеп жүрген кезім болса керек. Жоқ, осы тақырып бойынша ізденейін деп көп еңбектендім. Еңбегім жанып диссертацияны 2009 жылы желтоқсан айында 25 жасымда қорғадым. Міне, осыдан бастап қайнап жатқан өмірге кірісіп кеттім. 2009 жылы қазақ тілі кафедрасының оқытушысы және деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары атандым. Қансейіт ағайымыз өз сөзінде тұрып мені өзінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары етіп жұмысқа қабылдады. Қазір жасым 30-да өмірдің тәттісі мен ащысына шыдағанымның арқасында осындай жетістіктерге жеттім деп ойлаймын. Қашанда «сабыр түбір сары алтын» деген ұранмен өмір сүріп келемін. Сүйікті жарым, кішкентай балапандарым, бір жағыма шығып, демеу болып жүрген алтынға бермес ата-енем, аяулы анам және бауырларым бар. Сіңлілеріме айтатын ақылым, оқу мен ғылымды және отбасын бірге алып жүруден жасқанбаңдар, қайта ерік-жігерді шыңдайтын осындай қат‑қабат тіршілік қажет дер едім!

Жалпы қыздардың ғылым мен тәрбиеге қатар мән беруі үшін не істеулері керек деп ойлайсыз? Қандай бағыт-бағдар берер едіңіз?

- Қыз бала табиғатынан өте нәзік болып жаратылады. Дегенмен де біздің қазақ қыздары білімді де, өнерді де, ғылымды да қатар алып келеді. Себебі, қыз бала ертеңгі болашақ ана, болашақ жар. Иманды қыз, ибалы келін тәрбиелеу жақсы маман дайындаумен қатар жүруі керек деп есептеймін. Қыз баланы туғаннан мәпелеп, төрге отырғызып, бар жақсыны кигізіп, бар дәм­діні жегізіп, «ертеңгі – ел анасы» деп үкілеп өсіретін халықпыз. Ең алдымен тәрбие дұрыс болуы керек, сосын қыздарымыз заманауи білім алуы керек. Қыз баланы сонау ата-бабамыздан қалған дәстүрмен тәрбиелеу керек деп есептеймін. Ата тарихымызда ақылы­мен бір рулы елге танылған данагөй аналарымыз жетерлік. Қыздарымыз арын шаш­паған, намысын таптатпаған, пәктік, кір­шіксіз тазалық, имандылық пен иба­лылық көркі болған. Аппақ қардай ақ арудан бақ та, береке де, бақыт та қашпаған. Сол аналарымыздан үлгі алса екен деймін...

Сіздің ойыңызша, ҚазҰУ-дың басқа ЖОО-дан артықшылықтары қандай? ҚазҰУ үшін еңбек ету деген не?

- Білімнің алтын ордасы, қазақ қаймағын даярлауда ерен еңбегі бар қара шаңырағымыз – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне бүгінде 80 жыл толып отыр. Қара шаңырағымыздың өзге университеттерден өзіне тән артықшылығы мол екендігі шындық. Ол артықшылық – біздің түлектер қай салада болмасын, өз біліктілігімен, білімдігімен өз ортасында оза шапқан мамандар. ҚазҰУ түлектері – еліміздің іргелі істерін атқарып жатқан жандар. Олар түрлі ғылым салаларының басында тұр. Түлектердің білімі мен бағындырған биігі университетіміз үшін үлкен сын. Сол сыннан сүрінбей өткен түлектер бүгінде алтын ұямыздың туын биіктен желбіретіп, оның көркеюіне үлкен үлес қосып жүр. Қазақ тарихында жоғарғы білім ордалары көп. Солардың ішінен ҚазҰУ-дың білімі мен білігі баршаны мойындатқаны тарих беттерінен белгілі. Осындай тарихы тереңнен сыр шерткен алтын ордамызға еңбек ету үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Бізді тәрбиелеп шығарған алтын ұямызға сол деңгейде жауап беру үлкен сын. ҚазҰУ бізді үлкен маман иесі ғып шығарды. Олай болса, алған білімімізді дамытып, қара шаңырағымыздың келесі түлегіне үйрету ҚазҰУ үшін жасаған шәкірттік игілігіміз болмақ. Қарашаңырағымыздың түлектерін білікті маман иесі етіп даярлау – ҚазҰУ-де еңбек етіп жүрген барша адамның арына сын.

 

Сұхбаттасқан Дінмұхамед Аязбеков

 
Iskernews.kz порталы makala
Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!
21 февраля 2014, 18:28
925

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 9945
  • 98
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9313
  • 32
Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
вчера / 22:56
  • 6436
  • 17
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 5797
  • 12
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4840
  • 32
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
сегодня / 13:45
  • 3655
  • 26
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3352
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 3372
  • 0