Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада өтеді

Kazsport agent 2014 M02 21
148
0
0
0

22 ақпан күні Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл толуына орай Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада жалауын көтереді. Шара 3 мамыр күніне дейін жалғасын тауып, шаңғы...

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада өтеді
22 ақпан күні Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл толуына орай Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада жалауын көтереді.

Шара 3 мамыр күніне дейін жалғасын тауып, шаңғы жарысы, волейбол, шахмат, шағын футбол, үстел теннисі, эстафета, арқан тарту, бильярд спорт түрлері бойынша өтетін болады. Спартакиадаға мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде аудандық әкімдік, департаменттер мен басқармалар өкілдері қатысады.

Оның басты мақсаты Қазақстан халқын бұқаралық спортқа тарту, салауатты өмір салтын дәріптеу және ұжымдық рухты көтеру.

Жалпы ұйымдастырылуын Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қолға алып отыр.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 

Оцените пост

0
Дальше