• 4081
  • 2
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бүлдіршіндер бүр жарған күн

«Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры 2014 жылы ақпан-сәуір айлары аралығында облыстағы білім беру мекемелеріндегі бейнелеу пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік құралдар ретінде тәжірибе жинақтау және оқушылардың бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдіктік пен эстетикалық талғамның қалыптасуына орай «Дала дарабоздары» фестивалін ұйымдастырып отыр. Конкурс ересектер мен мектеп оқушыларына бөлек өткізіледі.

Осы фестивальдің аясында 18 ақпан күні облыстағы білім беру мекемелерінде білім алып жатқан оқушылар арасында Әбдірашид Сыдыханов атындағы «Әбдірашид әлемі» конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты  белгілі қылқалам шебері, өнерде өшпес із қалдырған Әбдірашид Сыдыхановтың  шығармашылығын насихаттау, мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулу арқылы өскелең ұрпақты патриоттық бағытта тәрбиелеу, конкурс барысында мектептерде бейнелеу пәнінен дәріс беретін мұғалімдерге кәсіби суретшілерден шеберлік кластарын өткізу, бейнелеу пәнінен дәріс беретін мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, Ә.Сыдыханов өнерін насихаттау арқылы өңірдегі бейнелеу өнерінің сапасын жаңа сатыға көтеру болып табылады.

Конкурс шарттары бойынша конкурсқа кескіндеме, графика, қолөнер бұйымдары, мүсін бағыттары бойынша жасалынған жұмыстар қабылданды. Іріктеу шаралары алдыменен облыс аудандарында өткізілді. Іріктеуден өткен жұмыстар облыс орталығындағы «Ақ Желкен» шығармашылық орталығына тапсырылып, жеңімпаз және жүлдегерлер болып танылған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Кескіндеме бағыты бойынша І орын – Махамбет  ауданы, Береке ауылының негізгі мектебінің 6 сынып оқушысы  Рамазан Бисенғалиев,

ІІ орын – Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығынан Эвелина Поливода,

ІІІ орын – Қызылқоға ауданы, Қаракөл орта мектебінің 6 сынып оқушысы Азат Қайыржан,

графика бағыты бойынша – І орын – Индер ауданы, Есбол селосы, Кулагино орта мектебінің 2 сынып оқушысы Ізімғалиев Дәулет,

ІІ орын – Индер ауданы, Ш.Уалиханов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Екатерина Фофонова,

ІІІ орын – Қызылқоға ауданы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Данияр Жаңбырбай,

мүсін бағыты бойынша І орын – Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығынан Айжан Сисенова,

ІІ орын – Индер ауданы, Елтай селосы, М.Сиранов атындағы орта мектептің оқушысы Айгерім Күмісқали,

ІІІ орын – «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 11 сынып оқушысы Сымбат Жұманбаева,

қолөнер бағыты І орын – Атырау қаласы, №31 мектеп оқушысы Хабесов Аман,

ІІ орын – Индер ауданы, Елтай селосы, М.Сиранов атындағы орта мектептің оқушысы Аружан Қалыбаева,

ІІІ орын – Атырау қаласы, №31 мектеп оқушысы Қайсар Қайратов

үздік деп танылды. Осы бағыттар бойынша бірінші орын алған төрт шәкіртке бағалы сыйлықтармен қатар, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясына оқуға түсу үшін арнайы сертификат тапсырылды. 2, 3 орын алған оқушыларға да бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, конкурс үздіктерінің жұмыстарының суреттері облыс әкімінің қолдауымен Атырау қаласындағы  баннерлерге ілінеді. Жеңімпаз бен жүлдегер балаларды аймақтық «Алтын қайық» газетіне тегін жаздырылады. Жас дарындарды қолдау мақсатында олар туралы мақалалар да республикалық, аймақтық және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Аталмыш шара облыс деңгейінде екінші рет өткізіліп отыр. Айта кетер басты нәрсе - «Дала дарабоздары» облыстық фестивалі бір жолғы, жылына бір рет өткізілетін шара емес, жергілікті бейнелеу өнерінің майталмандарының есімін халыққа кеңінен насихаттайтын бірнеше сатылы, ұзақ жылдарға арналған, өнер салтанаты. Былтыр конкурс Шаймардан Сариевке арналса, биыл  Әбдірашид Сыдыхановқа, 2015 жылы Мұхит Қалимовқа, 2016 жыл – Мақым Қисамиденовке арналып, осындай шаралар легі өткізіледі. Ендеше, көптің қолдауымен өткізілетін өнер фестивалі жалғасын тапсын!

Әсел Кенжетай
«Ақ желкен» шығармашылық орталығының маркетологі

akzhelken_atyrau
20 февраля 2014, 18:07
2263

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38157
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2723
  • 65
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2286
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1265
  • 0
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1243
  • 6
Как бы ни был красив Шираз, он не лучше казахских раздолий

Как бы ни был красив Шираз, он не лучше казахских раздолий

Посетить далёкий иранский город Шираз мне хотелось лет с девяти. Историю в 5-6 классах у нас преподавал учитель музыки, было очень весело, но самой истории на уроках не было.
theYakov
12 авг. 2017 / 12:17
  • 1152
  • 6
«Мы все дышим». Лучшие цитаты 5 серии 7 сезона «Игры престолов»

«Мы все дышим». Лучшие цитаты 5 серии 7 сезона «Игры престолов»

Нас подготовили к самой долгожданной битве за сезон. Встреча дракона и Джона. Старые записи мейстеров. Возвращение давно забытого героя. Интриги Мизинца. Новый «отряд самоубийц».
on_looker
15 авг. 2017 / 13:57
  • 1078
  • 10