Австралиялық боксшы Дэниэл Гил Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Kazsport agent 2014 M02 19
147
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — 32 жастағы австралиялық боксшы өзінің отандасы 35 жастағы Гарт Вудты жеңгеннен кейін WBA и IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді...

АСТАНА. ҚазАқпарат — 32 жастағы австралиялық боксшы өзінің отандасы 35 жастағы Гарт Вудты жеңгеннен кейін WBA и IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды.

«Жігіттер, Головкин келесі қарсыласым болады деген сенімдемін.  Мен тағы да қос чемпиондық титулды Австралияға әкелемін», деген  Дэниэл Гилдің сөзін келтіреді Tofight.ru сайты.

Оның отандасымен кездесуі Сиднейде өтті.  Вуд үш рет — бірінші, бесінші және алтыншы раундта нокдаун алды. Төрешілер алтыншы раундтан соң жекпе-жекті тоқтатты.

Айта кетер жайт, Дэниэл Гил 26 ақпанда кездесе де алар еді. Бірақ ол бұл  жекпе-жек Австралияда көрсетілмейтін болған соң бас тартқан.

Сондай-ақ  австралиялық қарсыластарының бәрін сыпыра жеңген, 29 кездесудің 26-сын нокаутпен ұтқан қазақстандықпен кездесуден қашпайтындығын атап өтті.

Дегенмен Геннадийдің  жаттықтырушысы Абель Санчес  26 ақпандағы жекпе-жек ирландиялық Энди Лимен арада болуы  ықтимал деген пікірін білдіріп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
 

Оцените пост

0